Bugin
Ұлттың тілі - ел болашағы
Қазірде қазақстанның түкпір-түкпірінде, тіл мәнері ерекше сипатқа ие. Халық жалпақ бір тілде сөйлегенмен, кей қолданыстағы сөздер әр өңірде алуан түрлі.
Жергілікті тұрғындардың тілдік ерекшеліктеріне қарай өзге аймақтардан лексикалық, граматикалық фонетикалық жағынан ажырап тұрады. Бұл тікелей халық өмір сүріп жатқан аймақтың шаруашылығына, тұрмыс-тіршілігіне және жақын орналасқан көрші мемлекеттердің әсеріне байланысты.
Әлемдік зерттеушілердің пікірінше ең бай тіл Араб тілі 12 млн 300 мың, Ағылшын тілі 750 мың, Қазақ тілі 600 мың сөз. Демек ана тіліміз үздік үштікті қорытындылап тұр. Тамырын тереңге жайған түркі халқының ішінде қазақ тілі ерекше әрі құнарлысы.
Елімізде кейбір сөздердің атауы әр аймақта әртүрлі айтылады. Мәселен «қияр» сөзін еліміздің шығыс аймағында «әгүршік» деп атаса, оңтүстікте «бәдірен» дейді.
«Үлкен» сөзін кей жерлерден «дәу», «нән», «әйдік», «дөкей» деп естіп жатамыз. Атауы бөлек болғанмен мағынасы «үлкен» дегенді білдіреді.
Қарапайым орындықты батыста «отырғыш» десе, солтүстікте «тақ» деп атайды.
Ал енді мына қызықты қараңыз. «Тәте» сөзі әдетте жасы үлкен әйелдерге қолданылса, Жамбыл, Павлодар, Орал және Шымкент өңірлерінде ер адамға қаратып қолданылады екен.
Сондай-ақ «орамал», «сүлгі», «майлық» сөздері бір мағынада әр-түрлі атаумен қолданылады.
Мұндай сөздерді іздеп, тізбектей берсек жетерлік. Айтар ойым халықтың алуан тілділігі емес, ана тіліміздің ерекше қасиеті. Ұлылығы.