Қоғам
2020 жылы әлемді жайлаған пандемия білім саласына да үлкен сынақтар әкелді.
2020 жылы әлемді жайлаған пандемия білім саласына да үлкен сынақтар әкелді. Әп-сәтте қашықтан оқыту мен онлайн білім алу заманның өзекті мәселесіне айнала кетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультетінің кафедралары бетпе бет келген сынға білімі мен біліктілігі арқасында уақытылы әрі тиімді жауап бере алды. Қашықтан оқыту қазіргі сәтте бірізділікте қалыптаса бастады. Картография және геоинформатика кафедрасының білім саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықты тиісті дәрежеде қабылдап, оны дамытуға өз лебін қосатын оқытушы-профессорлық құрамы әрқашан өз біліктілігімен және ғылыми жетістіктерімен ерекшеленеді. Кафедраның тарихына қысқаша тоқтала кетсек, 1974 жылы Қазақстан Республикасының ғылымға Еңбегі сіңген қайраткер, г.ғ.д., профессор М.Ж.Жандаев геоморфология кафедрасын ашты. Ол Қазақстандағы геоморфология кафедрасының ең алғашқы меңгерушісі болып сайланды (1974 -1988), кафедра кейін картография және геоинформатика кафедрасы болып аталды. Әр жылдары кафедра меңгерушілері болып мына профессорлар қызмет жасады: Веселова Л.К. (1988-2000 жж.); Медеу А.Р. (2000 – 2001жж.); Қуанышбаев С.Б. (2002-2004 жж.); Бексеитова Р. Т. (2004-2008 жж.); Керімбай Н.Н. (2008-2011 жж.), Касымканова Х.М (2012-2020 жж). Қазіргі таңда кафедра жас та болса білімді әрі білікті доцент м.а. Асылбекова А.А. басшылығымен өз қызметін жалғастыруда. Айжан Асылбекқызы еліміздің география саласындағы ең алғашқы PhD докторанты болып табылады. 2017 жылы ҚазҰУ «Геодезия» және «Картография» мамандықтарының докторантура бағдарламалары бойынша бойынша халықаралық ACQUIN агенттігінің аккредитациясынан сәтті өткен болатын.
Қазіргі заманның талабына сәйкес оқу үдерісіне инновациялық технологияларын енгізу мақсатында кафедраның оқу лабораториялары, жоспар бойынша сандық және электронды геодезиялық аспаптармен, ғаламдық навигациялық ғарыштық жүйелер аспаптарымен, кеңістіктегі мәліметтерді өңдеуде бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта кафедра картография, геодезия салаларындағы сандық және тақырыптық картографиядағы теориялық, қолданбалы мәселелері зерттеліп, өңделуде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықшаруашылық саласындағы басқаруларда геоинформациялық жүйелерді пайдалану қарастырылуда. Қазіргі уақытта кафедра «Геодезия және картография», «Геоинформатика», «Табиғи-техногендік қатерлер» мамандықтары бойынша бакалаврларды, «Геодезия», «Геоинформатика», «Табиғи-техногендік қатерлер» және «Картография» мамандықтары бойынша магистрлерді, «6D074100 – Картография», «Геоинформатика», «Табиғи-техногендік қатерлер» және «6D071100 – Геодезия» мамандықтары бойынша докторанттарды дайындайды. Осы мамандықтар бойынша жалпы саны 60 магистрант пен докторант білім алуда. Кафедрамызда оқитын әр студенттің шет елде білімін тереңдетуге, тәжірбие алуға мүмкіндігі бар. Біз Австрия, Германия, Нидерланд, Ресей, АҚШ, Венгрия сияқты елдердің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тығыз қарым-қатынастамыз. Биылғы жыл бойынша кафедрада бакалавриат мамандықтарында 343 студент білім алуда: олар сабақтарын қашықтан онлайн оқыту әдісімен оқуда. Бұл кезекте Zoom, Microsoft Teams, MOODLE платформалары оқытушылар мен студенттердің онлайн кездесу алаңы болып табылды. Кенеттен туған өзгеріс сынақ кафедрамыз үшін жаңашылдыққа бастама мүмкіндік болып отыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, көреген басшы мен білікті команда алыстағы студенттерімізге білімін ақсатып алмауға бірігіп барынша күш салуда.
Авторлары: Асылбекова А.А,
Какимжанов Е.Х, Бурлибаева Ш.М.