Қоғам

Қазақстандық профессор рак ауруын С-витамин арқылы емдемекші

Рак ауруына қарсы дәріні С-витамны негізінде НУ проффессоры дайындап жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атақты биолог, профессор Дос Сарбасов Назарбаев Университетінде KRAS-мутантты қатерлі ісігіне қарсы препаратын жасауды аяқтау үшін , АҚШ-та 27 жыл жұмыс істегеннен кейін Қазақстанға қайта оралды. Ол С витаминінің тотыққан түріне негізделіп жасалып және аз мөлшердегі мышьяк негізіндегі препаратпен бірге жүреді, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

 Сарбасов Америка Құрама Штаттарында жұмыс істей жүріп, жасушалардың өсуі мен көбеюін бақылайтын TOR сигнал беру жүйесінің рөлін зерттегенін айтты. Қазақстанға оралғаннан кейін ол зерттеу жұмысын әрі қарай жалғастырды.

«Жасушаның негізгі қоректенетін азықтары- аминқышқылдары мен глюкоза. Қоректік заттармен қамтамасыз етілмеген кезде жасуша өзін-өзі жеп, аутофагия процесі жүреді. Оның мөлшері кішірейіп, энергияны үнемдей бастайды. Тамақсыз адам бір айға жуық, сусыз - 2-3 күн өмір сүре алады.  (...) Біз келесідей сұрақ қойдық: қатерлі ісік жасушалары қандай аштық кезінде өлуі мүмкін? Жасушалар аминқышқылдары арқылы ашыққанда тірі қалып, аутофагияны белсенді ете түседі. Ал біздің зерттеуіміз бойынша глюкоза арқылы ашығу нәтижесінде көптеген рак жасушалары 48 сағат ішінде өлді »,  - деді Назарбаев Университетінің ғалымы.

Профессор Сарбасов және оның әріптестері глюкозаның жетіспеушілігінен қайсысы өлімге бейім екенін түсіну үшін әртүрлі типтегі жасушаларды сканерлей бастады.

«Біз KRAS-мутантты жасушалардың глюкозаға өте сезімтал екенін анықтадық. Зерттеу нәтижелері глюкозаның аштық кезеңінде жасушалардың өз-өздерін өлтіре бастайтынын көрсетті. Олардың метаболизмі өте тез жүреді, глюкоза жеткізілмеген бойда жасуша стресске түсіп, тотықтырғыш радикалдар түзеді. Бұл радикалдар жасушаларды өздері өлтіреді.  Қарапайым жасушалар онша сезімтал емес, бірақ қатты реакция көрсететін KRAS-мутантты жасушалары», - деп түсіндірді Назарбаев Университетінің ғалымы.

KRAS- мутантты жасуша дегеніміз не?

KRAS гені - бұл жасушаның белсенді бөлінуі үшін өсу факторларын көрсететін кішігірім реттеуші ақуыз.  Өсу факторлары эмбриондар мен балалардың организмдерінде көп мөлшерде болады, белсенді өсуді ынталандырады.  Уақыт өте келе өсу факторларының концентрациясы төмендейді, ересек организм өсуін тоқтатады және тек жасушалардың регенерациясын сақтай алады.

«KRAS мутацияға ұшырағанда, ол тұрақты күйге ауысады. Бұл бөлу процесінің үнемі белсенділенуіне, яғни ісіктің өсуіне алып келеді. Біз әлі күнге дейін анықтай алмадық, алайда KRAS мутациясы ұйқы безі қатерлі ісіктерінің 95 пайызында, тоқ ішек қатерлі ісігінің 30 пайызында, өкпе рагы кезінде - 20 пайызында кездеседі », - деді Дос Сарбасов.

 Ол бүгінде мутацияның бұл түрі емделмейтінін, науқастар бір жарым-екі жылдан ұзақ өмір сүрмейтіндігін түсіндірді.  Сондықтан ұйқы безі қатерлі ісігі әрқашан адам үшін өлімге әкеліп соғады.

Жасалған препарат қалай жұмыс істейді?

«Тестілеу үшін біз глюкозасыз жасушалар дайындадық, бірақ бүкіл организмді глюкозасыз қалдыра алмаймыз. Сондықтан біз осындай аштықтан кейін жасушаларда пайда болатын радикалдарды қолдануды жөн көрдік», - деп түсіндірді ғалым.

 Жаңа терапия екі тотықтырғыш затты қолдануға негізделген.  Олар бір-бірінің әрекетін толықтырады және күшейтеді.  Біріншісі - мышьяк негізіндегі аз мөлшерде АҚШ-та қолданылып жүрген препарат.  Ол қазір лимфоманы емдеу үшін қолданылады.  Ғалымдар мышьяктың KRAS мутантты жасушаларында тотықтырғыш рөлін атқаратынын, глюкозаның аштық әсерін имитациялайтындығын дәлелдеді.

 «Мышьяктың әсерін күшейту және оны минималды дозада қолдану үшін біз басқа тотықтырғыштарды іздедік. С витаминінің жоғары концентрациясы тек көктамыр ішіне енгізу арқылы KRAS-мутантты жасушаларды басады.  Бірақ осыған байланысты олар стресске ұшырайды. Біздің препараттың негізінде С дәрумені - D-VC стероизомері жатыр. Ол әлдеқайда жақсы жұмыс істейді екен, біз тіпті күткен жоқпыз », - деп түсіндірді НУ ғалымы.

Клиникалық зерттеулер

 Құрама Штаттарда дәрі-дәрмектер барлық сынақтардан өтіп, адамдарды емдеуге FDA (Азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігі) рұқсат етілді. Сарбасовтың айтуынша, KRAS-мутантты жасушалары қатерлі ісікті басу үшін дайындалған С дәрумені бар клиникалық зерттеулер Нью-Йоркте басталған, дегенмен ғалым мышьякпен С дәруменін қолдану әлдеқайда тиімді болады деп санайды.

 «Біз тышқандарда сынап көрдік, С дәрумені мен мышьяктың қосындысы өте тиімді екеніне көз жеткіздік, уыттылығы өте аз. Тышқандар тіпті салмағын жоғалтпады. Және бұл әдіс адамдарға көмектесе алады деген үміт бар, бірақ мұны тексеру үшін клиникалық зерттеулер қажет.

 Сынаққа қатысқысы келетін науқастар бағдарламаға қатыса алады.  Біріншіден, біз өте аз мөлшерде бес-алты пациентке тексеріп, дозаны біртіндеп арттырамыз. Егер бастапқы кемшілік байқалса, доза жоғарылауын тоқтатады.  Емдеудегі бұл тәсіл өте күшті улы дәрілерді қолданатын химиотерапияға қарағанда әлдеқайда жақсы », - деп профессор клиникалық зерттеулер принципін түсіндірді.

 Ол ерте ме, кеш пе Қазақстанға өзінің өнімдерін шығару үшін дәрі-дәрмектерді тексеруді бастауға тура келетіндігін, бірақ ел заңнамасы бұған өте сақтықпен қарайтынын атап өтті.

 «Ғылымда сіз өмір бойы бір мәселені зерттеп отыра бересіз. Егер біз дәрі-дәрмекті жақсартуға тағы бірнеше жыл жұмсайтын болсақ та, оны ешкім бірден іс жүзінде қолданбайды, клиникалық зерттеулер әлі де қажет және бұған жылдар кетеді.

 Қазақстанда бұл сынақтардың алдын алу және дәрі-дәрмектерді шетелден сатып алу оңайырақ.  Бірақ ондай жағдайда біз әрдайым артта қаламыз

. Яғни, бұл сынақтар басқа елде өткізіледі, жаңалықтар басқа жерде жасалынады және біз әрқашан олардың бергенін ғана сатып алып жүреміз», - деп бөлісті Дос Сарбасов.

 НУ ғалымы Қазақстанға ғылымды дамытуға, барлық бюрократиялық кедергілерді зерттеуге және клиникалық сынақ процесін біздің пациенттерімізге де, әлемдік ғылыми қоғамдастыққа да сенетін сапалы деңгейге жеткізуге деген ниеттілікпен оралдым деп сендірді.

 Дос Сарбасов Алматыда дүниеге келген.  24 жасында ол ҚазҰУ-дың алмасу бағдарламасы бойынша Қазақстаннан АҚШ-қа кетті.  Бұл бағдарлама оған Арканзас медициналық университетінің аспирантурасына түсуге көмектесті, онда биохимия және молекулалық биология бойынша PhD докторантурасын аяқтады.  1999 жылдан 2006 жылға дейін MIT - Массачусетс технологиялық институтының Уайтхед биомедициналық зерттеулер институтында жұмыс істеді.  Содан кейін ол АҚШ-тың жетекші онкологиялық орталығы - MD Андерсон онкологиялық орталығының ғылыми зертханасын басқаруға шақырылды.

 Ол Қазақстан ғалымдарымен белсенді жұмыс істеді және ҚазҰУ мен ЕҰУ-дің 5 PhD докторын дайындады.  2019 жылы ол Назарбаев Университеті қабырғасында отандық ғылымды дамыту үшін Қазақстанға оралуға шешім қабылдады.  Қазан айының басында Дос Сарабасов биологиялық медицина, энергетика және жаңартылатын ресурстар саласындағы жетекші қазақстандық зерттеушілер жұмыс істейтін НУ-дағы Астана ұлттық зертханасын басқарды.


Ақбота Нысанбаева