Hi-Tech

Жаңа медиа - жаһанданудың жаңа үлгісі

Әлемде ешкім тоқтата алмайтын екі нәрсе бар. Оның бірі- уақыт болса, екіншісі - ақпарат.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сіз! Иә , сіз! 

Дәл қазір сіздің қолыңызда ұялы телефон бар, ал онда интернет қосылған. Және сіз осы жазбаны оқып отырсыз. Сіз ақпаратты қалаған жеріңізден, қалаған уақытыңызда таба аласыз. Минут сайын қолыңыздан телефонды тастамай, біресе сайт, біресе инстаграм, немесе фейсбукты ашып, секунд сайын таратылатын ақпаратты қарап отырсыз. Демек, сіз ақпарат ғасырының жүйрігісіз. Онда сізге «Жаңа медиа» сөзінің таңсық емесі сөзсіз.

Алпауыт ақпарат ғасырының легі күн сайын қарыштап дамуда. Әлемде ешкім тоқтата алмайтын екі нәрсе бар. Оның бірі- уақыт болса, екіншісі - ақпарат. 

Шындығына келгенде адам ақпаратсыз өмір сүре алмайды. Қай ғасырды алып қарамасақта, адамдар қандай құралмен болсын ақпарат алмасқан. Мысалы, сонау  таста қашалған жазулар, папирусты қағаздар, кітаптар, газеттер , радио- теледидар. Міне осының барлығы ақпарат тарататын құралдар. Газеттен асыға күтетін мақалалар мен теледидардан көрсетілетін жаңалықтар легі - дәстүрлі медианы қамтитын болса, ал жаңа медиа дегеніміз - жаңа құралдар арқылы ақпарат тарату. Олар қандай құралдар? Күнделікті қолданатын ұялы телефон, компьютер, ондағы сайттар, блогтар барлығы жаңа медиа құралдары.

Медиум сөзі - орта деген мағынаны білдірсе, медиа дегеніміз -  ақпараттың ортада емін-еркін алмасуы дегенді білдіреді. Мысалы, дәстүрлі медиада ақпаратты белгілі адамдар тобы немесе журналистер бере алатын болса, жаңа медиада ерекшелігі жаңалықты кез-кез келген адам тарата алады. Мұның өзі қоғамдық ортада пікір алмасу еркіндігін білдіреді. Жаңа медианың тағы бір қыры- контенттің бит өлшеміндеріне дейін ұсақталуы оның үнемі онлайн режимде әзірленіп таратылуы болып саналады.

Жаңа медиа ХХ ғасырдың соңында фильм, сурет, музыка, ауызекі және жазбаша сөз тәрізді дәстүрлі медианы қамтитын компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін танытатын медиа ғылымда пайда болған термин.

Осыдан біраз уақыт бұрын дәстүрлі медиа мен жаңа медиа арасында бақталастық болған еді. Бүгінде дәстүрлі медиа жаңа медианың бірігіп жұмыс атқаруы қарқынды дамып келеді. Мәселен, республика аймағында таратылатын отандық газет- журналдардың өз ресми сайттары бар. «Ана тілі» газетінің сайты «anatili.kazgazeta.kz» , «Жас Алаш» газетінің сайты «zhasalash.kz». Газетте жарияланатын мақала сайтта да жарияланады, тек ақпаратты беру формасы әртүрлі. Осы тұста жаңа медиа арқылы бұқараның жаңалық тынысын естіп, көзбен көруге таңдауға мүмкіншілігі көп екенін байқаймыз. Өйткені, бұрындары адам ақпараттың тек газет нұсқасын оқып, теледидар арқылы көрсе, қазір өз қалауы бойынша  аудио, видео, онлайн түрлерін пайдалана алады. Себебі, кейбір адамдардың көру қабілеті, кейбір жандардың есту қабілеттері жақсы болады. Жаңа медианың ең басты ерекшелігі- екі жақты қатынастан тұрады. Ақпаратты беруші және оған жауап қайтарушы. Яғни сайт арқылы проблемалық мақала көтерілетін болса, астында бұқараның өткірде өзекті пікірлерін көре аласыз. Жаңа медиа - жаһанданушың үлгісі ғана емес, жаңалық берудің жаңа жаршысы. Жаңалық айдынында санмен емес, сапамен жұмыс жасайтын медиа болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз!