Шымкент

Шымкентте дәрі-дәрмек өндірісі дамымақ

Фармацевтика саласы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жуықта елімізде фармацевтика өнеркәсібін дамыту бағдарламасы қабылданады. Қазақстанның фармацевтика индустриясының «өсу нүктелері» Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы және Қарағанды облыстарында болып отыр.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша пандемия кезінде фармацевтика кәсіпорындарының өндіріс көлемі 23,2%-ға, 70,2 млрд теңгеге дейін артты. Салада 96 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 33-і – дәрі-дәрмектер бойынша, 41-і – медициналық бұйымдар бойынша, 22-сі – медициналық техника бойынша. Индустрияландыру картасы аясында 5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен инвестиция сомасы 62,9 млрд теңге болатын 41 жоба пайдалануға берілді. 

- Қазақстанның фармацевтика индустриясының даму әлеуеті зор. Басты міндет – жеткілікті қоры мен номенклатурасын кеңейтуді қамтамасыз ету арқылы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісіне серпін беру. Еліміздің халқы үшін сапалы медициналық өнімдер қолжетімді болуы тиіс, — дейді А. Мамин.

 Премьер-Министр отандық дәрі-дәрмектер нарығында халыққа қолжетімділік пен сапаны, ал бизнес үшін тиімділікті қамтамасыз ететін оңтайлы бағалар белгіленуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар медициналық маскалар мен басқа да жеке қорғаныш құралдарын өндіру стандарттарын бекітуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне «СҚ-Фармациямен» бірлесіп, медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектердің болуын жоспарлау тетіктерін қайта қарау, дәрі-дәрмектерді тіркеу талаптарын оңтайландыру, отандық өндірушілер үшін сатып алу көлемін болжау жүйесін енгізу тапсырылды. Үкімет басшысы отандық дәрі-дәрмектердің сыртқы нарықтарға жедел шығуын қамтамасыз ету, жаңа дәрілерді тіркеу кезіндегі кедергілерді барынша азайту қажеттігін атап өтті.