Әлем жаңалықтары

Таулы Қарабақтағы соғыс аяқталды: Әзірбайжан жеңді

Ұзақ уақытқа созылған Таулы Қарабақтағы соғыс аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

10 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Ресей, Армения Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде үшжақты келісімге келді. Бұл хабарды Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзінің Фейсбук парақшасында жазды,- деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар, бауырларым мен әпке-қарындастарым! Өзіме де, бәрімізге де ауыр тиетін шешімге келдім. Ресей және Әзербайжан президенттерімен Қарабақтағы соғысты тоқтату жөнінде мәлімдемеге қол қойдым. ... Өзімізді жеңілдік деп есептемейміз әрі бұл біздің ұлт ретінде бірігуіміздің және қайта өрлеуіміздің басы болуы керек. Қаза тапқандардың алдында тізе бүгемін. Отанын қорғау жолында өмірін аямаған барлық әскерилердің, офицер, генерал, еріктілердің алдында басымды иемін. Олар арцах армяндарын қорғап, құрбан болды. Соңына дейін күрестік және жеңеміз!" деп жазды Пашинян.

Қақтығысты  тоқтату жөнінде келісім жасалғанын Ресей президенті Владимир Путин де растады. ТАСС агенттігі таратқан ақпаратта Путин "келісімге қол қойылған сәтте екі елдің әскерилері тұрған жер Армения мен Әзербайжан территориясы ретінде сақталады. Ал олардың арасында Ресейдің бітімгер сарбаздары тұрады" деген.

Սիրելի հայրենակիցներ, քույրեր եւ եղբայրներ. անձամբ իմ եւ բոլորիս համար ծանր, չափազանց ծանր որոշում եմ կայացրել:...

Опубликовано Nikol Pashinyan / Նիկոլ Փաշինյան Понедельник, 9 ноября 2020 г.

Келісімге сәйкес, 2020 жылдың 20 қарашасына дейін Таулы Қарабақтың Газах және Агдам аудандары Әзербайжанға қайтарылады. 15 қарашаға дейін Армения - Кельбаджар ауданын, 1 желтоқсанға дейін Лачин ауданын беруі керек. Бірақ Таулы Қарабақпен байланысын үзбеу үшін Лачин дәлізін (ені 5 км) сақтап қалады. Алайда дәліз Шуша қаласын жанамайды.

Аймақтан Арменияның барлық әскерилері шығарылады. Таулы Қарабақ пен Лачин шекарасы кездескен жерге Ресейдің 1960 бітімгер сарбазы орналасады. Бітімгерлік контингенттің ол аймақта қалу мерзімі 5 жыл және ахуал тұрақтамаса тағы бес жылға созылады.

Босқындардың Таулы Қарабаққа оралуын БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары бақылайды. Одан бөлек, Армения мен Әзербайжан тұтқындар мен қаза тапқан сарбаздардың мәйітін алмасады.