Экономика
Қазақ ақшасына кімдер қожайын?
Бүгін біз қазақ ақшасын қалтаға басып ап, қонжиып отырған қожайындар туралы жазбақпыз.
Жуырда «Ia-centr.ru» ақпараттық-сараптамалық орталығының сайты Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде жұмыс жасайтын шетел азаматтарын анықтап жазыпты. Автор Жанар Тулиндинованың орыс тіліндегі мақаласын қазақ тіліне қотарып бергенді жөн көрдік.
Біле жүріңіздер, қазақты қарызбен құл қылып жүрген қампайған қарынды мысықтілеу, мешкей миссионерлеріңіз мінекей:
Аталған банктің директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады. Ішінде екі адам шетелдік тұлға санатында. Ал басқарма мүшелігінде шетелдік тұлғалар жоқ екен.
Директорлар кеңесінің мүшесі. 2007 жылдан бері «Халық банктің» Тәуелсіз директоры. Кристаф Рель Вашингтондағы, Мәскеудегі және Бразилиядағы Дүниежүзілік банктің өкілдіктерінде жұмыс жасаған екен. «BP p.l.c.» дейтін трансұлттық мұнай-газ компаниясында вице-президент, бас экономист болып қызмет атқарған.
Директорлар кеңесінің мүшесі. 2009 жылдан бері «Халық банктің» Тәуелсіз директоры. Нидерландтағы «ABN AMRO» дейтін ірі банкте, «Royal Bank of Scotland Group plc (RBS Group)» дейтін британ компаниясында қызмет еткен.
Altyn Bank (China Citic Bank Corporation Limited құрамына кіреді)
2016 жылы Қазақстанның Халық банкінің меншігіне тиесілі «Altyn Bank» 60 пайыз акциясын Қытайлық компанияға сатқан еді. «Altyn Bank» қазір қытайлық «China CITIC Bank Corporation Ltd» дейтін банктің құрамына кіреді. Директорлар кеңесінде 5 шетелдік азамат бар.
Банктің басқарма мүшелерінің ішінде екі адам шетел азаматы екен.
2013 жылға дейін бұл қаржылық ұйым «ТАИБ Қазақ банкі» деп аталып келген. Себебі, Бахрейн Карольдігіне тиесілі «TAIB BANK BSC(c)-мен еншілес банк болған.
Сөйтіп, 2013 жылдың сәуірінде банк толығымен қазақстандық кәсіпкер Орифжан Шадиевтің меншігіне өтеді. Ал 2014 жылы бұл банк өзінің ресми атауын өзгертіп, «Capital Bank Kazakhstan» АҚ деп аталатын болды.
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның Директорлар кеңесі 4 адамнан тұрады екен. Оның екеуі шетел азаматы.
Юсуф Зия Аслан – Директорлар кеңесінің мүшесі және банктің басқарма төрағасы;
Банктің басқарма мүшелігінде 5 адам болса, оның ішінде 3 адам шетел азаматы екен.
Директорлар кеңесінің мүшесі және банктің басқарма төрағасы. 1998 жылдан бері Түркияның бірнеше банкінде басқарушы қызметтер атқарған. Атап айтқанда, «Kentbank & Birlesik Fon Bankasi», «Turkland Bank», «BankPozitif Turkey». Бұл жаңағы Юсуф Зияның жұмыс істеген банктері.
2011 жылдың тамызанан бері Қазақстанда жұмыс жасап жүр. «Позитив банк Қазақстан» АҚ-да басқарма төрағасының орынбасары, төраға қызметтерін атқарған.
Абдуррахман Зеки Арифоглу
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 1999-2006 жылдар аралығында Түркиядағы «Ziraat Bankasi» дейтін банкте түрлі қызметтерде болған. 2006 жылдан бері Қазақстанда жүр. Сол 2006 жылдан бері «Казахстан-Зираат Интернешнл Банк» дейтін еншілес банкте жұмыс жасаған.
Бөлшек сауда бизнесі бойынша басқарушы директор. Францияда оқыған екен. «Amiens Business School» мектебінің іскерлік әкімшілік басқару магистрі. Басқару ісі бойынша 25 жылдық тәжірбиесі бар. Еуропа, ТМД мен Азиядағы (Қытай, Үндістан,Тайланд, Вьетнам, Гонконг, Қазақстан, Ресей, Польша және Чехияда) бөлшек саудадағы банкинг, тұтынушылық несие саласында қызметтер атқарған. 2011 жылдан бері Қазақстанда жүр. «Евразиялық банкте» қызмет еткен.
First Heartland Bank
Бұл бұрынғы «ЭКСПО Кредит Банк» АҚ. Қаржылық ұйымның ресми сайтында аталған ұйымның Халықаралық «ABN Amro» мен «RBS» банктерінің тәжірбиесін негізге ала отырып жұмыс жасайтыны жазылған екен.
Директорлар кеңесінде 4 адам болса, оның екеуі шетел азаматы.
Тәуелсіз директор. АҚШ азаматы. 10 жылдан астам уақыт АҚШ-та және Ресейде Халықаралық компанияларда, банк секторында, консалинг және білім секторында, мемлекеттік секторда қызмет жасаған.
«First Heartland Bank» директорлығына келместен бұрын, «Казкоммерцбанк»АҚ басқарма мүшесі болған.
Тәуелсіз директор. Ұлыбритания азаматы. CFA, FRM, CAIA. Лондондағы «Permal Group» мен «State Street Global Markets» компанияларында басқарушы директор болған. ҚР Ұлттық банкі «Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-ның Тәуелсіз директоры.
Аталған банктің Директорлар кеңесінде 1 шетел азаматы бар екен.
Директорлар кеңесінің мүшесі. Тәуелсіз директор. 1976-1988 жылдар аралығында Германиядағы «Deutsche Bank» басқармасында жұмыс жасаған.
1988 жылы «Deutsche Bank» банкінің Мәскеудегі бөлімшесін басқарған. 2000 жылдан бастап Еуропалық реконструкция және даму банкінің Ресейдегі және Орталық Азиядағы өкілі болған.
Бұрын «Алянс Банк» АҚ Тәуелсіз директоры болған.
Михеил Нугзарович Ломтадзе
Аталған банктің Директорлар кеңесінің мүшесі (бұрынғы басқарма төрағасы). Грузияның тумасы. Кейбір дереккөздерінде Ломтадзені Грузия азаматы деп көрсетеді.
Бұл банк Түркиядағы «Ziraat Bankasi» дейтін банктің еншілесі. Директорлар кеңесі 3 адамнан тұрады. Бұл үшеуі де шетал азаматы екен.
Мұса Арда – Директорлар кеңесінің төрағасы. Банктің ресми сайты Мұса Арда мырзаның осыған дейін «Türkiye Halk Bankası A.Ş.» дейтін банкте қызмет еткенін, 2011 жылдан күні бүгінге дейін «T.C. Ziraat Bankası A.Ş.» басқарма төрағасының несиелендіру жөніндегі орынбасары болып қызмет жасайтынын жазыпты.
Нұрхан Күшіккаялар – Директорлар кеңесінің мүшесі. Тәуелсіз директор;
Юксел Жесур – Директорлар кеңесінің мүшесі.
Аталған банктің басқарма мүшелері 5 адамнан тұрады екен. Оның біреуі шетел азаматы.
Жанан Олекли – Басқарма төрағасы.
Бұл банктің 45 пайыз акциясы Үндістандағы «Punjab National Bank» банкіне тиесілі. Директорлар кеңесінде 1 шетел азаматы бар.
Калиа Сабхаш Чандер – Директорлар кеңесінің мүшесі. Тәуелсіз директор.
Басқарма мүшесі 7 адамнан тұрады. Оның екеуі шетел азаматы.
Басқарма төрағасының орынбасары. Үндістанда банктің оқуын оқыған. 1986 жылдан бері Үндістандағы «Punjab National Bank» жүйесінде қызмет атқарады.
Басқарушы директор. 2002-2010 жылдар аралығында «Банк Русский Стандарт» АҚ-да, 2010 жылдан бері ВТБ группасында түрлі қызметтерде болған. 2015 жылдан бері Қазақстанда жүр.
Бұл банктің бұрынғы атауы - «Совместный банк «ЛАРИБА-БАНК».
Директорлар кеңесінің және Басқарма мүшелерінің 99,9 пайыз акциясы Сұлтан Нұрбол Сарыбайұлына тиесілі. Шетелдік тұлғалар жоқ.
«Альфа-Банк» ЕБ «Альфа-Групп» дейтін банктік группаның «ABH Holdings S.A.» деп аталатын жеке Халықаралық холдингіне кіреді. Шатаб-пәтері Люксембургте орналасқан.
Директорлар кеңесінде 7 адам болса, оның төртеуі шетел азаматы.
Директорлар кеңесінің төрағасы. Омбы мемлекеттік университетін бітірген. 2000 жылы «Московский Деловой Мир» дейтін компанияда жұмыс жасаған. 2008 жылдан бері «Альфа-Банк» ЕБ-да жүр.
Роберт Анджей Дзялак
Директорлар кеңесінің мүшесі. 2002-2016 жылдары Украина мен Польшада банк секторында қызмет еткен екен. 2016 жылдан бері «Альфа-Банк» ЕБ-да.
Олег Сысуев
Директорлар кеңесінің мүшесі. Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары. 1990 жылы Ресей Федерациясы Үкімет басшысының орынбасары, РФ Президенті Әкімшілігінде орынбасар болған.
Дэвид Марк Браун
Директорлар кеңесінің мүшесі. 2000 жылы «Commerzbank Securities London», «Merrill Lynch International London», «Financial Services Authority London» ұйымдарында жұмыс жасаған.
«Альфа-Банк» ЕБ басқарма мүшелігі 5 адамнан тұратын болса, оның екеуі шетел азаматы.
Алина Аникина
Басқарма төрағасы. 2011 жылдан бері күні бүгінге дейін «Компания «РУСИА Петролеум»АҚБ, «Варьеганнефтегаз» АҚБ, «Саратовский НПЗ», «Оренбургнефть» АҚБ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Игорь Шалай
Басқарушы директор. 2017 жылдан бері «Альфа-Банк» жүйесінде. Банк саласында 12 жыл жұмыс жасапты.
АТФ Банк
Директорлар кеңесінде 4 адам бар. Оның екеуі шетел азаматы.
Адриано Ариетти
Тәуелсіз директор. Киевтегі «Правэкс-Банк-тің» Бақылаушылық кеңесінің мүшесі. Каирдегі «Александрия банкінің» Директорлар кеңесінің мүшесі.
Энтони Эспина
Директорлар кеңесінің мүшесі. Басқарма төрағасы. 1972 жылы Оңтүстік Квинслендте университет бітірген. Гонконгтағы «Goldride Securities Limited» брокерлік фирманың негізін қалаушы және директоры.
Банктің басқарма мүшелегінде 8 адам бар. Оның екеуі шетел азаматы.
Энтони Эспина – Басқарма төрағасы;
Сергей Коваленко – Басқарма төрағасының орынбасары. 2000-2010 жылдар аралығында Украинадағы «ЗИП» компаниясында, АКБ «ІНДУСТРІАЛБАНК» (Украина), «Новая почта» (Украина) компаниясында жұмыс жасаған.
Bank RBK
Торстен Пол
Директорлар кеңесінің төрағасы. Ол бұл қызметке 2017 жылдың қарашасында «Bank RBK» АҚ мен ҚР Үкіметі, Ұлттық банк пен «Қазақмыс» компаниясы арасында келісім жасалғаннан кейін кірісті.
Банк Kassa Nova
Директорлар кеңесінде және басқарма мүшелігінде шетел азаматтары жоқ.
Банк ВТБ
Бұл Ресейдегі Банк ВТБ-ның еншілесі. Директорлар кеңесінде 2 шетел азаматы бар.
Денис Бортников
Директорлар кеңесінің төрағасы. Беларусиядағы Банк ВТБ-ның Директорлар кеңесін басқарады. Әзірбайжандағы Банк ВТБ-ның Бақылаушылық кеңесінің төрағасы.
Сергей Степанов
Директорлар кеңесінің мүшесі. 2013 жылдан бастап Банк ВТБ-ның тобында жұмыс жасайды.
Аталған банктің басқарма мүшелігінде 5 адам болса, оның үшеуі шетел азаматы.
Дмитрий Забелло – Басқарма төрағасы;
Юрий Миронов – 2018 жылдан бері басқарма төрағасының орынбасары;
Артем Бадыков – Басқарма мүшесі.
Түйін. Бұл толық тізім емес. алдағы уақта бұл тізімді толықтыра жатармыз...
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолынан іс келмейтін ебедейсіз бастықтарды қызметсіз қалдыратынын айтып жүргелі де біраз болды. Жатыпішер жалқау жетекшілердің орнына шетелден мамандар шақыртып, іс жүргізу ісіне басшылыққа тағайындауды мысал етіп жүр. Өткен жылғы қазандағы жолдауда Сингапурды мысал етті. Жер әлемнен іздеп жүріп, қолынан іс келетін ептілерді елге алдыртуды тапсырды.
Еске түсірейікші, Президент не деп еді?..
«Бізде «Эйр Астананы» кім басқарады? Ағылшын. «Назарбаев университетін?» Жапон. Көріңдер! Егер дұрыс жұмыс жасамасаңдар, мен сендердің орындарыңа барлығын сол жақтан шақыртамын» деді Президент.
Қарап отырсақ, Президенттің шетелден маман шақырту туралы бастамасы біз үшін жаңалық емес екен. Оны жоғарыдан оқып көрдіңіздер. Бұл шетелдіктер неге қазақ ақшасына қожайындық жасап жүр деп, және шүйліге алмайсың, өкінішке орай.
Президенттің 2016 жылғы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын еске түсірейікші. Сол мақаланың «Мемлекетті кәсібилендіру» деп аталатын бөлімінде былай деп жазылған: «Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды. Жаңа заңға бірқатар қағидатты нормалар енгізілген. Екіншіден, мемлекеттік қызметке ашық конкурс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша келісімшарттық негізде мемлекеттік емес сектордағы басқарушылар қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлер тартыла алады».
Біз жоғарыда Қазақстандағы екінші деңгейлі 14 банктің басшыларын тізіп жаздық. Ол жерлерде 39 шетел азаматы жұмыс жасап жүр.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 30 қарашасы күні «Abai.kz» ақпараттық порталында «Қазақ мұнайына қазақтан басқаның бәрі бастық» атты мақала жарияланған еді. Онда Қазақстандағы ірі мұнай компанияларында басшылық қызметте жүрген шетелдік тұлғалардың есім-сойын тізіп жазып көрсеткен едік. Енді міне, Қазақстан банктерінің шетелдік қожайындарын жариялап отырмыз. Оқыңыз, көріңіз, біліңіз...
Дереккөз: abai.kz Нұргелді Әбдіғаниұлы