Саясат

Малайзия малайзиялықтар үшін емес, малайлар үшін!

Малайзия ұлттық үстемдігін қалай қалыптастырды?

 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оңтүстік-шығыс Азияда екі бөлікке бөлініп жатқан, біртұтас мемлекет ретінде қалыптасқан Малайзия  -малайлардың отаны. Бүгінде әлем елдерінің арасында беделі де, абыройы да бар, саясаты мен экономикасы тұрақталған, дамыған және әлі де дамып жатқан ел.

Мемлекет құрылымы федералдық конституциялық монархия. Ұлыбританияның отарынан босап, жеке ел ретінде тәуелсіздігін алған мемлекет. Дамуы және шарықтауы қазіргі үкімет басшысы Махатхир Мохамадтың билікке келуімен ерекшеленді.

Қытай мен малай ұлттары арасындағы қақтығыс: ұлтшылдық отының жануы 

1969 жылы 13 мамыр күні Малайзия астанасы Kuala-Lumpur қаласында малай мен қытай ұлты арасында күтпеген қақтығыс орын алды. Бұл қақтығысты жалғасып келе жатқанына да біраз жылдың жүзі болса да, бұл жолғысы тым бөлек.

Қытай мен малай бір-біріне жат екі ұлт. Халықы, этникалық қалыптасулары, тілдері, мәдениеті мен діни түсініктері де екі әлем. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жапонмен арада болған соғыстың салдарын пайдаланып, қытай Малайзияға тыңшы ретінде кіріп, шағын аудандарын басып ала бастады. Тіпті ауыл-аймақтағы малайлар салық төлеп те тұрған. Осыдан кейін екі ұлт арасындағы шиеленіс ұлғайып кетті.

Тәуелсіздік жолында малай ұлты ағылшындардың қытайға жұмсақтық танытқанын сезді және солай деп қабылдады. Сол кездің өзінде бір елдегі екі ұлт мәселесі, екі азаматтық түсінік жергілікті қожайындарға ұнаған жоқ. Бұл болып жатқан дүмпудің бір көрінісі ғана еді.

Малайзиядағы өзге ұлттардың үстемдігі және қытай-үнді тараптың саяси партиялық сайлауда бой көрсетуі Абдул Рахман бастаған делегацияның Лондонда жеңілуіне әсер етті. Бұл жеңіліс Малайзия елінің тәуелсіздігін екі жылға кешігіп алуына түрткі болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін де малайлар үшін қытайлардың ел экономикасында басым рөл атқарғаны ұнаған жоқ. Ұлттық мүддесі биік болса да, елдегі негізгі кәсіпорандар мен белді мекемелерде қытайлар жұмыс жасады. Ал малайлар қарапайым шаруашылық кәсіпті айналдырып отырды. Ашып айтар болсақ, сол кезде малай ұлтына негізгі үстемдікіт ағылшындар мен қытайлар жүргізді. Ағылшындардың үстемдік жүргізуі ол бесенеден белгілі жағдай. Ал ел экономикасын, соның ішінде барлық сауда-қатынастың түрін уысында ұстап отырған қытайлар еді. Тіпті қытай компанияларын басқаратындар да, онда жұмыс жасайтын жұмыс күшінің 90% қытайлар. Қытай иероглифтарымен жазылған тақтайшалар, жазулар көшеде көз сүріндіретін.

Міне, дәл осы шиеленістен малай ұлты арасында ұлтшылдық өрті өршіп, қытайға деген ыза пайда болды. Малайлар өз жерінде тұрып, өзінің байлығын өзі игере де алмайтын, пайдалана алмайтын күнге жетті. Бұл қоғамда сілкініс жасады.  Сілкіністің артында малай ұлтының мүддесі, тілі, ділі тұр. Осы мәселелер күн тәртібінде бірінші орыннан түскен жоқ.

Елдегі қытай ұлтының үстемдігі күн өткен сайын өршіп, тіпті партия сайлауында жеңіске жеткен қытай оппазициялық тарап жеңіс тойын сол елде тойлаудан қорыққан жоқ. Бір сөзбен айтқан кезде, малай жерінде қытай өзінің тойын ойланбастан тойлады деуге болады.

Малай ұлтының жеңісі

Малайзия билігі елдегі ұлттардың достығын сақтай отырып біртұтас бейбіт елдің іргесін қалауды көздеді. Дегенмен, ұлт мүддесінде малайлардың үстемдігі жүруі керектігі ескерілді. Осы қағиданы берік ұстанған елде: «Малайзия малайзиялықтар үшін емес, малайлар үшін» деген ұран көтеріліп, жаппай өркендеу дәуірі басталды.

Елдегі заңнамаға түрлі өзгерістер еніп, кез келген кәсіпоран, мемлекеттік мекемелерде малай ұлтының 60% үлесі болды. Осы арқылы өзге ұлттар жергілікті халықпен санаса бастады. Ортақ шешімдер жасалып, Малайзия қазір әлемде ұлттар достығын сақтай отырып, алдыңғы қатарда бой көрсетіп жүрген мемлекет ретінде қалыптасты.

Түйін.

Мемлекетті қалыптастырушы ұлт, сол елдің негізгі күші және қожайыны. Әлемде көпұлтты, унитарлы мемлекеттер бірегейлік пен ынтымақтастықты сақтап отыр. Яғни, еуропалық түсінікпен қарайтын болсақ, тіпті ұлтқа бөліну мәселесі шет қалып, тек адам құқығы мен адам капиталының белсенділігі артып кетеді.

Адам құқығы мен оның еркіндігіне қол салу қылмыс болып табылатынын жақсы білетініміздей, ұлттық мүддесі биік тұрған елдің негізгі (жергілікті халық) ұлтына деген құрмет және сыйластық болуы өте маңызды.