Weekend
Әлемді улаған ғаламтор
Кез келген адам үшін XXI ғасырдағы өмірді ғаламтор шырмауынсыз елестету мүмкін емес. Ғаламтор қазіргі таңда алысты жақын ететін, ат шаптырым жерден хатты жедел түрде жеткізетін ең тиімді қолданыс құралы.
Статистикаға сенсек:
• Америка халқының 95% интернет желісін қолданса, олардың 85%-ы жас жеткіншектер екен.
• Шет ел халқының әрбір 7-інші тұрғыны Facebook әлеуметтік желісін пайдаланады.
• 2016 жылғы санақ бойынша жер беті тұрғындарының 3 миллиарды практикалық түрде ғаламтор желісін белсенді түрде қолданады,яғни жер шарындағы адамдардың тең жартысы әлеуметтік желінің құрсауында.
• Егер интернет желісі экономикалық жағынан жеке мемлекет немесе қала құрса, онда экономикалық дамуы жағынан 5-інші орынды иемденер еді.
Ғаламтор желісінің адам үшін маңызы
Ғаламтор желісі XXI ғасырдағы адамдардың ең үлкен жетістігі болып табылады.Ол көптеген информациялар жиынтығы, және де адам үшін қажетті білімді, керекті дәйекті дүниелерді барынша бере алады. Әлемдік өрмек құрған әлеуметтік желі ақылды болуға, ең қызықты мәліметтерді жинауға көмектеседі. Және де ғаламтордың тағы да бір жетістігі мемлекет арасындағы не болмаса құрлық арасындағы шекараны бұза алады, яғни континент сақтамайды. Бұнымен қоймай адамдар еш қиындықсыз бір-бірімен хат алысып, хат беріседі. Әлемдік өрмек тіпті, жаңа достар мен өз махаббатыңызды табуға өз септігін тигізеді. Интернет желісі арқылы жұмыс істеп ақша табуға да болады, себебі қазіргі таңда жұмыстың көп бағыты ғаламтор, компьютермен тікелей байланысты. Және ғаламтордан түрлі шет тілдерін үйреніп, пайдалы дүниелерді үйренуге болады.
Интернет желісінің адам денсаулығына зияны
Әрине, әлеуметтік желінің адамзат баласы үшін пайдасы өте зор, және оған қарсы келу мүмкін емес. Дегенмен, әлеуметтік желінің де зияны аз емес. Біріншіден, әлеуметтік желінің қарама қайшылығы туралы айтқанда, ойымызға ең бірінші келері, интернетке тәуелділік. Ал, бұл жай ғана мифологиялық термин емес. Ғалымдардың зерттеулері бойынша дүниежүзі халықтарының 10%-ы әлеуметтік желіге тәуелді, тәуелділігі соншалық тіпті, интернет желісін кәдуілгі тағам, су, күн энергиясы сияқты қажет етеді. Солтүстік Корея, Қытай, Тайвань елдерінде интернет тәуелділігі өршіп тұр. Бұл ғаламтордың жалғыз зияны ғана емес, сонымен қатар монитор алдында көп отырған адамның көру қабілеті, есту, ойлау, қимыл қозғалыс қабілеттері істен уақыт өте шыға бастайды. Және де интернеттің тағы да бір кемшілігі кез келген адам туралы қажетті ақпараттарды алып, оны өз мақсатына жаратуы мүмкін. Осының көмегімен көптеген алаяқтар өз істерін жүзеге асырулары мүмкін.
Ғаламтор желісінің пайдасы да, зияны да бір арнада тоғысады. Алайда, әлеуметтік желіні дұрыс жағынан немесе бұрыс жағынан қолдану адамның өзіне байланысты.