МӘДЕНИЕТ
Адамның істеген әрбір қиымылы арқылы оның ақиқақатты яки өтірікті айтып жатқанын білуге болатынын білесіз бе?
Аталмыш сериал 2009-2011 жылдар аралығында түсірілген. АҚШ-тың Калифорния штатында түсірілген фильм алғаш сол елдегі «FOX» телеарнасында көрермен назарына ұсынылған. Кейде бұл туындыны «Теория лжи» деп те атайды. Фильмның сәтті түсірілгені сол екен, көрерменнің сұрауымен екінші маусымын сонан соң бірден үшінші маусымын түсірді.
«Обмани меня» телесериалының ерекше бір тұсы онда монтажды керемет қолданған. Әсіресе қылмыскердің өтірік айтып жатқан сәтіндегі Кэлдің сол нәрселерді ойша елестетуі сәтті шыққан. Тағы бір айта кететін жайт - психолингвистикалық аспектілер үнемі бой көрсетеді. Туындының өзі психологиялық жанрда болғандықтан шығар, кез-келген бөлімінен жоғарыда аталған аспектілерді аңғару қиын емес.
Фильмде Лайтман деген дәрігер бар. Оның шеберлігі қандай дейсіз ғой, адамның сөйлеген сөзіндегі өтірік пен шындықты бірден анықтай алады. Адам өтірік айтқанда қандай да бір қимыл бәлки әрекет жасайды екен. Тек сұрақ қойып, жауап алғысы келген адам жауап беріп жатқан адамға мұқият қарап отыруы керек. Сол кезде әлдебір әс-әрекетті байқап қалуға болатынын фильмде жақсы көрсеткен.
Оның алдында ешкім өтірік айта алмайтын. Лайтманның осындай қабылеті барын білетін құқық қорғау органдары мен полицейлер одан үнемі көмек сұрайтын. Ол ол ма, тіпті профессионал дейтін ФБР қызметкерлерінің өзі, кейде мемлекет басшылары да Лайтманның ерекше қабылетіне тәнті болып, одан жиі-жиі көмек сұрайды. Бір өкініштісі біраз қылмыскерлер де ерекше адамның көзін жойғысы келген болатын.
Үш маусымнан, қырық сегіз сериядан тұратын сериалдың басты кейіпкері Кэл Лайтманның прототипі де бар. Ол – психология профессоры атанған Пол Экман. Өмірінің бақандай 30 жылын осы «өтірік айту, оны ажырату» деген сияқты арнаға арнаған. Он төртке жуық кітап жазған Полдың ең танымал туындысы - «Психология лжи» кітабы.
Жалпы бұл сериалдан психолингвистикалық аспектілерді аңғаруға болады. Фильмнің өзі осы дүниеге байланысты болғандықтан болар. Бірақ кітап та, фильм де оқуға тұрарлық ілім.