МӘДЕНИЕТ

Күнделік жазуды бастай алмай жүрсеңіз...

Күнделік – тек ойыңды жазатын және күніңді қорытындылайтын дәптер емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ол – тілдік қорыңды, ойлау қабілетің мен сана-сезіміңді дамытушы, тұлға болып қалыптасуыңа көмекші құрал.

Жалпы, күнделік ең алғаш X ғасырда Жапонияда пайда болған. Ал  XIX ғасырда біздің елімізге де тарай бастаған. Атағы мен даңқы жер жарған жандардың көпшілігі жылдап күнделік жазатын болған.

Кейбіреулер күнделікті тек жасөспірімдер мен істерге ісі жоқ жандар ғана жазады деп санайды. Бұл оймен келіспеймін. Күнделікті негізінен жетістікке жеткісі келетін адамдар жазады.

Мен күнделік жазуды бастағаныма екі жылдың көлемі болды. Онда тек маңызды жайттарды ғана емес, алға қойған мақсаттарымды, өзім жайлы басты мәліметтерді жазып отырамын. Осы арқылы өзімді және өмірден нені қалайтынымды айқын біле бастадым.

 Сонымен, жеке күнделіктің пайдалары:

  • Ми жұмысын белсенді етеді;
  • Есте сақтау қабілетін жақсартады;
  • Өз-өзіңе есеп беруге үйретеді;
  • Тілдік қорды байытады;
  • Уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі. 

Неден бастау керек?

Ең алдымен, жаныңызға жақын, ыңғайлы, өзіңізге ұнайтын стильде безендірілген блокнот немесе дәптер таңдаңыз. Есте сақтаңыз: сізге міндетті түрде ұнауы тиіс. Егер сіз күнделігіңізді неден бастайтыныңызды білмесеңіз, бірінші парағын «Менің күнделігім», «Жеке күнделік» сынды сөздермен безендіріп жазыңыз. Ал келесі бетіне алға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңызды жазыңыз. Одан кейінгі беттерінде сіздің сол күннен алған әсеріңіз бен атқарған маңызды жұмыстарыңыз  немесе келесі күнге жоспарыңыз жазылады. Бұл әрине, тек үлгі ғана...

Қалай жазу керек?

Күнделік жазушылардың көпшілігі жеке әдіс ойлап табады. Яғни, күнделікті өзіне ыңғайлы етіп жазады. Кейбірі түрлі дизайнмен әрлеп, суреттер салып өз көңілінен шығатындай сәндейді. Енді бірі минимализмді дұрыс санайды. Басқасы жүзеге асырған және болашақта жасайтын әрекеттерін кесте түрінде бөліп жазады. Солай өз істерінің нәтижесін біліп отырады.

Әлемде жеке күнделік жазудың мыңдаған әдіс-тәсілі бар.

Ал сіз күнделікті қандай әдіспен жазасыз?