Білім және ғылым

Қазақстандағы магистратура. Қалай грантқа түсуге болады?

ЖОО-нан кейін магистратура оқып, біліміңізді жалғастырудың пайдала тұстары өте көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Уақыт созбай оқу бітірген бойда түсіп алсаңыз ол да жақсы. Дегенмен дайындық міндетті түрде қажет. Қалай грантқа түсуге болады? ⠀

1. Ең алдымен сізге магистратура оқу қаншалықты қажет? Осы сұрақты өзіңізге қойып, жауап беріп көріңіз. Мысалы, әрі қарай ізденуіңіз үшін қажет, академиялық ортаға аралуыңыз үшін т.с.с. Көбісі магистратураға мемлекеттік грантты өтемеу үшін, категориясын өсіру үшін, ғылыми дәреже үшін, тіпті кейде стипендиясы үшін түседі.

2. Дайындықты және оқитын салаңызды ертерек таңдаңыз. Себебі дайындыққа уақыт жетпей қалуы мүмкін. 2019 жылдан бастап магистратура конкурсына тест тапсыру арқылы қатысасыз. 130 сұрақтан тұратын тест, 150 балмен өлшенеді.

Кеңірек тоқталып өтейік. 130 сұрақ қандай пәндерден?

Ағылшын тілінен 50 сұрақ (listening, riding, grammar), деңгейіңіз pre-intermediate, intermediate болса, ол үшін қатты уайымдамасаңыз болады. Аналитикалық ойлау (логика, тіл,әдебиет және философия) және критикалық ойлау (жоғары сынып есептері) 30 сұрақ. Таңдап отқан салаңызға қатысты 2 кәсіби пәннен 50 сұрақ.

3. Бакалавр мамандығыңызды жалғастырамын десеңіз аса қиын болмауы мүмкін. Дегенмен осы кәсіби пәндерге қатты дайындық қажет. Педагогикалық салада жалғастырсаңыз, педагогика міндетті түрде болады және ол кітап бойынша дәл берілген сұрақтар.

4. Шектік балл - 75. Грантқа түсу мүмкіндігіңіз мамандыққа байланысты. 75 балменде грантқа түсуге болатынын айта кету керек. Биыл 34746 үміткер тестілеуге қатысып, оның 13051-і ғана шектік балл жинай алды. 12179 талапкер грант иеленді.

5. Түсемін деген шын ниетіңіз болса, талаптанып, ізденсеңіз міндетті түрде түсесіз. Тест жаттау, базалармен дайындалу, берілген оқулықтарды оқу дайындығыңызды мықты етеді. Сәттілік тілейміз!