Bugin
Тілсіз өмір де, өмірдің мәні де жоқ
Тіл - тіршіліктің тірегі,халық айнасы.Мәселен,біз өзге халықтың тіліне,діні мен діліне,сонымен қатар мәдениетіне қарап қандай халық екенін жете танимыз.Сол себепті,тілді жалпыұлттың ең үлкен құндылығына теңеу, әрине,қисынды.
Тіл - адам танытқыш. Оны жұмыр басты пендеге берілген аса үлкен сый деп бағалау шарт. Тіл - Алланың адамға берген сыйы. Дене мүшесі ретінде кішкентай болғанымен, қызметі таудай. Сонымен қатар, бұл дүниеде адамның иман да тілдің куәлік беруі арқылы мәлім болады.Тілдің жәрдемімен адамзат баласы түрліше білім-ғылымның сырын үйренеді. Мұндай қасиеттер тек тілге ғана берілген.
Тіл туралы әртүрлі хикметтерде де айтылған:
-Адамға келген он пәленің тоғызы - тілден;
-Атағыңды өсіретін де, өшіретін де - тіл;
-Ауызда жиек жоқ,тілде тиек жоқ;
-Көнектей басыңа шүмектей тілің жау;
-Көп сөйлеу достықты бұзады,қажетсіз сөйлеу айыптарды ашады, ащы сөйлейтіндерден достары қашады;
-Егер көңіліңде мұң,реніш, денеде қажырлық және әлсіздік, ризықта кемшілік және берекесіздік болса, мұның бос және орынсыз сөздерден туындағанын білу керек;
-Хикметті сөйлеуден емес, үндемеуден іздеу керек;
-Үндемеу ақылдың әшекейі және надандықтың перделенуі;
-Жылы сөзді және жомарт қолды болу керек;
-Үндемеу ғалымның зейнеті, наданның пердесі;
-Ғибадат он бөліктен тұрады, оның тоғызы үндемеу, бір бөлігі жаман достан ұзақ тұру;
-Аз сөз әдеп, жақсы амалдарды қорғауға себеп;
-Кісі тілінің астына жасырылған.Сыр сақтаған адам мұратына жетеді.
Міне,осындай қанатты әрі ғибратты сөздер тілдің адамзат өмірінде ойып тұрып алардай маңызы зор екенін көрсетті.