Білім және ғылым

Қазақ фантастикасын дамыту: Болашаққа бағдар

Қазақстанда фантастика жанры неге дамымай жатыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ фантастикасы – Талап Сұлтанбеков, Ғабит Мүсірепов сынды фантастик-жазушылармен толыққан жанр. Қазақ әдебиет әлемінде орнын ойып аларлықтай фантастик-жазушылар өте аз. Алайда қатарын толтырып келе жатқан фантастик-жазушылар әңгімелері үзілмеуде.

Талап Сұлтанбеков – қазақ әдебиетінің тарихында алғаш рет ғылыми-фантастикаға қалам тартқан жазушының бірі. Фантастика жанрында жазатын қаламгерлердің шығармалары басқа жанрдағы шығармаларға қарағанда өте ерекше жазылады. Талаптың да жазатын  әңгімелері де өте ерекше. Соның бірі – "Көшпелі алтын" әңгімесі.

"Көшпелі алтын" әңгімесі – қазақ балалар әдебиеті жанрына өте ұқсас келетін және қазақ фантастикасының үлкен бір белесі деп айтуға болады. Әңгіменің ерекшелігі де осында – баяндалатын оқиға, әрине, ойдан шығарылған және жазу стилі де өзгеше. Алайда Талаптың әңгімеге беретін бояуы қазақ балалары мен қазақ ауылын суреттеуден басталады. Міне, дәл осы тұс әңгіменің өрбуіне және оқырманды ойландыруына игі әсер ететін тұсы деп ойлаймын. Алайда Талап әңгімеге не себепті қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін баяндады  және не себепті басты кейіпкерлер қазақ балалары болуы тиіс деген сұрақ мені толғандырады.

Менің ойымша, әңгімеге Американдық балалар туралы жазуға болатын еді. Бірақ оқиғада қазақ балалары әңгіменің идеясын аша түскендей болды. Біз білеміз, қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерді ауыздан-ауызға, құлақтан-құлаққа жеткізіп келе жатқанын. Осы тұста ойға мына бір нәрсе оралады: қазақ халқы  ерте заманан бері баланы тәрбиелеуде ертегілер, аңыз-жырлар, сонымен қатар, қиял-ғажайып ертегілерді айтып, солайша баланың ойлау қабілетінің дамуына үлкен үлес қосады. Мысалы, Алдар көсе, Қожанасыр, Ер Төстік, Мыстан кемпір, Көлтаусар, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ, Жезтырнақ, Алтын басты айдаһар, Күн астындағы Күнікей, Тазша бала, Жаман, тағы басқалары.

Міне, мүмкін автордың да әңгімеге қазақ балаларын жазғаны осы шығар деп ойлаймын. Яғни, автордың айтқысы келгені – қазақ фантастикасына жаңаша туындылар енгізе отырып,ауыз әдебиетіміз бен фольклор жанрын дамыту керек. Бұл ертегілерді  айта отырып,түптің түбінде қазақ ауыз әдебиетіне тірелетініміз рас. "Иә, қазақ ауыз әдебиетінде дәл қазір бұндай ертегілер мектеп бағдарламасында жоқ.Не себепті?" деген сауал менің ойыма оралады.

Меніңше, осы тұста былай айтқан жөн сияқты: қазақ ауыз әдебиетіне ауыздан-ауызға, құлақтан-құлаққа жеткен аңыз-ертегілерді мектеп бағдарламасына енгізу керек. Сол арқылы біз қазақ фантастика жанрын дамытатын боламыз.

Ішті "Әттең-ай" дегізетін жағдайлар жиі болады. "Елімізде белгілі жазушылар, қаламы қарымды қаламгерлер бола тұрып неге фантастика жанрында ауыз толтырып айтарлықтай дүниелер жоқ?! Менің ойымша, мұның себебі отбасындағы бала тәрбиесі деп ойлаймын. Отбасында ата-анасы баланың ұшқыр ойлау қабілетін дамытудан өте төмен деңгейде қателіктер  жібереді.

Қазіргі қоғамда айтуға болады: бала тәрбиесінде баланың жадынысын дамыту былай тұрсын, бала тәрбиесімен айналысатын ата-аналар қарасының аздығы ішті қынжылтады.

Қазақ фантастикасының дамуы төмен деңгейде болуының бірқатар алдыңғы себептері осы екені ащы болса да шындық.

Мәселен, қазақ фантастикасынан бөлек әлем әдебиеті фантастикасын алып қарастырайық. Әлем әдебиетінің фантастика жанрын қазақ ауыз әдебиетіне қарағанда, өте ерте дамыған. 1627жылдан бастап Ф.Бэконның "Жаңа Атлантида" кітабынан басталған. Осы тұста біз мынаны қарастыруымыз шарт: не себепті әлем әдебиетінің фантастика жанры ерте дамыған, ал не смебепті қазақ ауыз әдебиетінің фантастика жанры кеш дамыды?!

Біріншіден, мына нәрсені айта кету керек:әлем әдебиетінде белгілі жазушы-қаламгерлер шығармалары және олардың дүниетанымдары мүлдем басқа. Әлем әдебиетінде ең көп танымал жазушылар қатарын ағылшын, Америка жазушылар құрайды. Олардың шығармаларында неліктен фантасиика жанры көп жазылған десеңіз, Америка халқының өмір сүру дағдысы  жарқын және ерекше сезімталдық пен мифтік аңыздарға сену болғандықтан, әдеби әлемдік фантастика жанрынан ерекше орын алады. Мәселен, олардағы шығармаларға көз салатын болсақ, миллиондаған жыл бұрынғы сыры ашылмаған әлем, су түбінде ұйықтап жатқан дию, уақыт мәшинесі, уақытты жылжыту, кері айналдыру немесе дәл қазіргі сәттен болашаққа өту, тағы да басқасы сипатталады.

Екіншіден,ағылшындық жазушылардың жазу стилі мүлдем ерекше. Шығармаларында орын алатын оқиға орны да, ішіндегі кейіпкерлер де ерекше.

Үшіншіден, мүмкін ағылшын әлем әдебиетіндегі фантастика жанрының дамуына үлкен үлес қосатын олардың өмір сүру дағдысы, салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары деп ойлаймын.

Біздегі халық ауыз әдебиетінде ауыз толтырып айтарлықтай дүниелер болса да, біздің құнттамайтындығымыз,алаңдамайтындығымыз – біздегі қазақ фантастикасының дамымайтындығына кедергі болып тұрған шығар.

Фантастиканың қандай елде дамуы былай тұрсын,оның дамуына себеп болатын  бірден-бір фактор – сол халықтың тұрмыс-тіршілігі,өмір сүру дағдысы деп ойлаймын. Сол себептен де,біздегі өмір сүру дағдысын өзгертуіміз тиіс. Қазіргі таңда нағыз болашақтың гүлденіп,даму заманы болғандығына қарамастан, қазақ халқында өмір сүру әдеттері күнделікті күйбең тіршілікпен, жұмысбастылықпен жалғасып жатыр десем де болады. Міне, не себепті қазақ әдебиетінің фантастика жанрының алға баспай жатқандығының көрінісі.

Фантастиканың дамуы – сол елдің болашағының жарқын болуы. Болашаққа бастайтын қадамдар алдында мемлекеттің дамуына үлес қосатын фактор осы болса, "қазақ халық ауыз әдебиеті үлкен белестерге көтеріледі" деп ауыз толтырып, сенімді айтуға болады.