Михаил Булгаков туралы ойлар

Орыс пен қазақ авторларының арасындағы айырмашылық:

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сонымен, мен оқыған "Майталман шебер мен Маргарита" романында Булгаковтың өзіне емес, қандай да бір қоғам үшін де емес, ғалам және жалпыадамзат мәселелелерін көтергендей болды.

Роман мен үшін өте қызықты әрі тың жаңалықтарға толы жұмбақ әлем болды десем де болады. Себебі мен романды оқыған сәттен-ақ, өзімнің ішкі энергиямды жалпыәлеммен тұтастай алып қарағандай болдым.

Булгаков автордың неліктен бұндай аты шулы роман жазғаны мен үшін қазір де және әлі күнге дейін жалпы, маған ғана емес басқа да кітапқұмар жандарға қызықтырақ, әлі сыры мен жұмбағы ашылмаған дүние деп ойлаймын.

"Мен романды оқып отырып не алдым?" деген сауал менің көкейімде мен романды оқып бастаған және ортасына келген күнге шейін сезіле бастаған.

Әрине, осы күнге шейін адамзат дамуының  алғашқы кезеңі және орта шеніне дейін мұндай сауалдар мен сан-қырлы сұрақтар әлі ешкімді қызықтырады деп ойламаппын. Нақты айтар болсақ, бұл дегенің, менің ойымша:

Біріншіден, адамзаттың даму тарихы туралы;

Екіншіден, адамзат өз-өзін басқара алады ма?!Оны кім басқарады?!

Үшіншіден, Құдай деген бар ма?!

Әрине, бұлардың жауаптарын әркім әрқалай ойлайды. Мәселен, менің ойымша, әлі күнге шейін адамзат өз-өзін жасаушы емес, тек бір Құдай басқарады. Тек бір Жаратушы ғана басқарады. Олай деген себебім –  біз мұсылман халықпыз. Әрине, Құдайдың бар екеніне кәміл сенеміз және оған табынамыз. Бұл тұрғыдан байқап тұрсаңыз, мен басқаша және өзгелері мүлдем бөлек дүниен айтуы ғажап емес.

Автордың шығармада осы сияқты кейіпкерлерді ойната отыра, осындай көрерменге креативті ойларды ойлатып, жаздыра алғанына мен әлі де қайранмын. Себебі мен бұрын-соңды оқыған роман мен повесть, не болмаса поэмалар болмасын, оларда айтылатын бір ой бар, оларда жазылатын және нақтыланған бір ой бар.

Мәселен, біздің қаламгер қазақ жазушыларының өзін алып қарайықшы, олар да роман жазады. Дегенмен де, көп мән берілетін біздің шығармаларда өмір сабақтастығы және адамдар тағдыры туралы ойлар мен шешілмеген тағдыр, тек қана белгілі бір тақырып. Иә, бұл да өте дұрыс нәрсе. Алайда біздің бір кемшілік-оқитын өскелең көрерменге креативті ойлауды сездіре алмау.   

О.Бөкейдің «Атау кересін» алайық. Онда бір тақырып басталды (адамдар мен аралар ұқсастығы) және кейіпкерлердің өлуі мен өте ауыр тағдырлардың шешілуі және шығарма аяқталды. Неге бұлай?! Мүмкін, әр дәуірдің өз кезеңі мен қоғамдық сананың өсіп-өркендеуіне байланысты жазылған шығар деп ойлаймын. Бізде тек бір сарынды жүйелік дәстүр шығармалары ғана борй көтерген.

Неге осындай Булгаков шығармалары сияқты шығармалар жазылмаған? Неге тек баяғы жартас бір жартас болып қала берген деген ой маған бір сәтте осындай шығармаларды оқып отырғанда ойыма оралады.Сондағы менің түйгенім – қанша дегенмен шетелдік әдеби туындыларды оқығанмен, өзіміздің әдебиетімізде әлі де дамымаған шырқауы биіктегі туындылар бар екен ғой.

Міне, автордың көрсеткісі келгені – осы! Жалпы, Булгаков шығармалары мен үшін шырқауы биік шығарманың бірі.