Қоғам
“Қайын жұртыма адал қызмет етемін” дейтін келіншекке сұрақ: “Сонда өз жұртыңыз кім?”
Екі келіншектің бірінен “қайын жұртым” деген сөзді естиміз.
Қазақ ежелден қызын “жат жұрттық” деп сыйлап, төрге шығарып құрметтейді. Кезі келгенде ол қыз дәуренімен қоштасып, күйеуінің жұртына табысталады. Қайын ата, қайын іні, қайын сіңілі деп айтылғанымен, ол кісілерді қайын “жұртым” деп айтуға болмайды. Өйткені қазақ қыздың емес, адамның емес, "Жігіттің үш жұрты бар” деп атап айтқан.
Әйел адам күйеуінің туыстарын қайын жұртым деп санаса, өз жұрты кім болғаны? Шыққан әулеті, туған туысы төркіні боп есептеледі. Демек, қайын жұрт сөзі тек ер адамға қатысты қолданылады. Әйелінің төркіні ер адамға қайын жұрты болады, ал әйел адам “қайын жұртым” деген сөзді тілдік қорынан мүлдем алып тастағаны абзал.
Сіз де қайын жұртым деген сөзді әйел адамнан естисіз бе?