МӘДЕНИЕТ
Жаңа жылда Аяз атаға 10 миллион хат келді...
Санта-Клаустың пайда болуы
Санта-Клаус - балалар әлемінің жұлдызы. Әсіресе, жаңа жылдың ең негізгі символына айналған аңыз кейіпкер. Аңыз демекші, Аяз атаның пайда болуы туралы әр елде әртүрлі аңыз, ертегі желдей еседі. Құдыреті не? Аяз ата бұл танымалдылыққа жету жолында түрлі қиындықтарды бастан кешірді десек те болады. Әрі сипаты мен сыртқы көрінісі жылдар өте келе біртіндеп дамып, өзгеріп, бүгінгі бейнесін тапты. Санта-Клаус 20-шы ғасырда пайда болып, екі рет өзгеріске ұшырады. Бірінші рет ол 10-шы жылдары көрнекі әдеби бейне ретінде, ал екінші рет - 30-шы жылдары Жаңа жылдық мерекеде тірі кейіпкер ретінде пайда болды.
"Мороз Иванович" әдеби ертегісі
Заманауи сиқыршының ерекшеліктері болжанатын Санта-Клаустың нағыз прототипі алдымен Владимир Одоевскийдің «Мороз Иванович» ертегісінде пайда болады.
1840 жылы жазушының «Ереней атасы туралы ертегілер» атты кітабы жарық көрді, оған аязды батыр туралы ертегі енген. Және дәл осы сәтте кітап беттерінде алғаш рет мейірімді әрі әділ сиқыршы пайда болды. Мороз Ивановичтің бейнесін дәлелді түрде қазіргі Аяз Ата прототипі деп санаған жөн. «Морозко» бейнесі Одоевскийдің әдеби кейіпкеріне ой мен өң берді десек те болады. Нәтижесінде Одоевский қазіргі Аяз атаны - Санта-Клаусты ойлап тапты. Санта-Клаустың бейнесі алынған ертегінің түпнұсқасы «Мороз Иванович» 19 ғасырда бірнеше рет жарық көрді. Танымал балаларға арналған ертегілер тізімінде өз орнын әпсәтте тапты десек артық емес.
Сонымен, ХХ ғасырдың 10-шы жылдарында Санта Клаус әлемдік тарих бетінде - алғашқы мейірімді, сиқыршы бейне болып қалыптасты. Әлбетте, танымалдықты арттырған құттықтау ашық хаттары басты рөл атқарды.
Америкада және Еуропада 19 ғасырда Рождествоны тойлаудың тұрақты дәстүрі Санта-Клаустың немесе мерекеге сыйлықтармен келген жергілікті сиқыршының қатысуымен қалыптасты. Осы батыстың «Рождестволық атасының» әсерінен орыс ұлтының өз аяз атасы пайда бола бастады. Қалай сонда?
ХІХ-ХХ ғасырларда орыс қоғамының ғалымдары батыстық құттықтау хаттарымен таныс болады, олардың арасында Рождествоға арналған хаттарға ерекше ықыласы ауады. Тіпті, ел арасында лезде танымал болып үлгереді.
Мәселен, Мария Чапкинаның «Ресейлік Рождество және жаңа жылдық ашық хат» кітабында келесі факт келтірілген: «1909 жылы Рождество мен 1910 Жаңа жылда петербургтіктер 10 миллион құттықтаумен алмасты». Ресейге Германия, Швеция, Франция және басқа да Еуропа елдерінен миллиондаған ашықхаттар әкелінді. Көбіне орыс мәтіндері дайын кескіндерге жәй енгізіліп отырды. Ғасырдың басында орыс халқы иығына қап немесе қорап киген қарт адам бейнеленген ашық хаттарға таңданыспен қарай бастады. Бастапқыда Ресейде ол «Йолкич», «Рождество атасы», «Юлент ата» деп аталды. Бұл жайлы деректер Борис Пастернактың «Қырауық аяз» өлеңінде кездеседі.
Бірақ халық ертегісіндегі Морозконың және Владимир Одоевскийдің аттас әдеби ертегісіндегі Мороз Ивановичтің әсерінен ашықхат бейнесі мейірімді сиқыршы Санта-Клаусқа айналды. Қызығы, сол жылдары мекемелік пошталарда Санта Клаустың аты жазылған «Аяз ата деген айлакер..», «Аяз ата, біздің мерекеге не алып келдіңіз?», «Ата, біздің қалаға келіп, бізге ойыншықтар қалдырып кетіңіз!», «Аяз ата алдамайды!» деген сынды балалардан жолданған қыруар хаттар пайда бола бастады.
Бертін келе Аяз атаның сыртқы келбеті де өзгеріске ұшырайды. Ресейдің Рождестволық карталарында ол көбінесе қарапайым орыс шаруасының киімінде киіз етік, қой терісі және қарапайым баскиімде бейнеленеді. Айта кететін жайт, Санта-Клаустың ашық хаттардағы бейнесінің авторы - А.Лавров.
Жаңа жыл атасының мінез-құлқы әдеби бейнесімен салыстырғанда арасы жер мен көктей. Өзгерісі сол, Аяз атаға мейірім, адамгершілік, түсінік таным деген сынды мінез-құлықтар берілді. Енді онымен кездесу үшін, ертегі желісіндегідей екінші өмірге аттанудың қажеті жоқ. Керісінше, ол өзі Рождество мерекесіне қонаққа келіп, сыйлықтар мен жаңа жылдық шырша алып келетін болды.
Осылайша, Санта-Клаустың бейнесін қалыптастыруға үш фактор әсер етті дейік: біріншіден, батыс сиқыршысы бейнесіндегі донор, екіншіден, орыс ертегілерінің кейіпкерлері, үшіншіден, Рождество хаттарының кеңінен таралуы.