Қоғам

"Шала қазақтар" деген кімдер?

"Шала қазақтар" этнонимі 18-19 ғасырларда көп қолданыста болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шала қазақтар, ұстар, чала-қазақтар – этнографиялық топ, татар, сарт, ұйғыр және т.б. ұлт өкілдерімен некелескен қазақтардың ұрпағы. 

Қазіргі таңда шала қазақтар деп туған тілін білмейтін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұстанбайтын қазақтарды айтады. Бұл сөз, онымен қоса, әкесі яки шешесі қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді. Шалақазақтар деп Найман тайпасының Мәмбет руының бір бөлімшесін және сарыбағыш тайпасының абла руынан шыққан қызғызтанған қазақтарды да атайды.

Шала қазақтар туралы алғашқы деректер XVIII-XIX ғасырларда пайда болды. Сол кезде шала қазақ деп метистердің әлеуметтік-мәдени тобын – қазақ қыздарымен некелессе де, қазақтардың ру-тайпалық бөлінісіне жатпайтын Іле Ұйғырлары мен қазақ даласына көшкен татар, Орта Азиялық сарттардың ұрпақтарын атады.

Олардың көпшілігі Үлкен Орда, Көкпекті мен Аягөз округтарында қоныстанды. Олар құқықтарында қазақтармен тең болып, өзбек және татар тілдерінде сөйледі.

Қазіргі Қазақстанда шалақазақтар деп орыс мәдениетіне енген, орыс мектебінде оқып, орыс рухымен тәрбиеленген, орысша сөйлеп, ой толғайтын адамдарды атайды. Өзін "нағыз қазақ" санайтындардың арасында шалақазақтарға деген сенімсіздік, олардың "кемістігі"  туралы пікір қалыптасқан.