Қоғам

ЮНИСЕФ және қоғам арасындағы алшақтық

Бүгінде баршаға ортақ инклюзивті қоғам қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда Халықаралық ЮНИСЕФ балаларды қорғау ұйымының Қазақстандағы «Инклюзивті қоғам» бағыты бойынша медиа-волонтерлерінде онлайн түрде түлектер кеші өткізілді. Инклюзивті қоғам бойынша ұйымдастырушы әрі тәлімгер Әліби Карамурзин медиа-волонтерлердің жұмыстарының статистикасы «Өте керемет!» деп баға берді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Инклюзивті қоғамның не екенін білесіз бе? 

Инклюзивті қоғам - қоғам ішіндегі топтардың қақтығысуынсыз, шеттетілуінсіз әрбір азамат үшін қолайлы орта. ЮНИСЕФ Халықаралық балаларды қорғау ұйымының Қазақстандағы «Инклюзивті қоғам» бағыты бойынша медиа-волонтерлерінің де мақсаттары бір. Ол - бәріне ортақ қоғам құру және қоғам арасындағы алшақтықтан арылу. 

«Біз «Дүниежүзілік  мүмкіндіктер» күні инклюзивті  қоғамды ілгерілету  жөніндегі волонтерлік  бағдарламасының алғашқы легін қорытындыладық. Біздің еріктілеріміз әлеуметтік медиада 189.564 адамға мүмкіндігі шектеулі жандардың қамтылуы мен құқықтарының маңыздылығы туралы хабарламалармен бөлісті. Әрине, 405 қатысушының статистика бойынша осындай белсенділік көрсеткені көңіл қуантады. Өте керемет! Жарайсыңдар, Юнисефтіктер!»

©ЮНИСЕФ Халықаралық балаларды қорғау ұйымының Қазақстандағы «Инклюзивті қоғам» бағыты бойынша ұйымдастырушысы әрі тәлімгері Карамурзин Әліби. 

Бір өкініштісі, елімізде инклюзивті азаматтарға байланысты қақтығыстар жиі орын алады. Ерекше қабілеттіліктері бар жандар (мүгедектер) мен қоғам арасындағы байланыс ажырап барады. Инклюзивті адамдар да басқа жандар секілді білім алып , жұмыс жасағысы келеді. Қоғамның үрки қарауының салдарынан, олар өмірден өз орындарын табудан гөрі тезірек жоғалтып жатады. Сол үшін де оқшауланған топтарды индеграциялауға бір кісідей атсалысу, кемсітушілік қатынасты қысқарту, теңсіздікті азайту бәріне ортақ қоғам құрудың алғышарттары. Медиа саласындағы еріктілерге сәттілік тілейміз! 

Қалай ойлайсыз, неліктен «Маслоу пирамидасында» құрмет (esteem) екінші орында тұр? Себебі, сыйластық пен құрметке ие болу жайлы қажеттілік әрқайсысымыздың бойымызда бар. Инклюзивті қоғамның да мақсаты сонда: тең құқықты мүмкіндіктер беру. 

Әрбір азамат жеке тұлға. Біз әртүрліміз, бірақ біріншіден адамбыз. Шектеусіз әлемге бірге қадам басайық! Дискриминациясыз қоғам құру өз қолымызда!