Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Карантин біраз адамның жүйке жүйесіне әсерін тигізген сыңайлы. Қазақстанда жәбір көргендердің саны күрт көбейді. Әсіресе үйдегі қарттар, балалар мен әйелдер.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басынан бері зорлық – зомбылық фактілері 2,5 есеге өскен. 130 мың отбасылық зорлық-зомбылық тіркелсе, соның не бәрі 30 мыңға жуығы соттың қарауына жіберілген. Қалған 100 мыңнан аса адам жасаған қылмысы үшін, күнделікті өмірін жалғастырып жүр.

 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәжілісінің кеңейтілген отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін алдыңғы қатарға қоя отырып, мәселені кең алқапта талқыға салды. көптеген зорлық-зомбылық жасырын түрде орын алатындығы, өтініштен басым көпшілігі бас тартатындығынан жазасыз қалатыны сөз болды. Осы жиналыстан кейін елімізде зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам арыз-шағымынан бас тартса да, құқық қорғау органдары оны жасаған қылмысына қарай жазалай алады. Бұған дейінгі заңнамаға да тұрмыстық зорлық-зомбылық баптарына өзгеріс енгізген болатын. Сондай-ақ елімізде гендерлік теңсіздіктің жоқтығы, отбасы мен қоғам арасындағы байланысты әлсіретіп, еліміздің экономикалық дамуына кері әсерін тигізіп тұр.

Не себептен еліміз зорлық-зомбылықтан құтыла алмай келеді:

• Үйдегі тиранды болмаса қатыгезді жаза тартуға жеткізбейтіндігі;

• Отбасы мүшелерінен қорқу (күйеуі, ата-енесі, аға-бауырларынан, әпке-сіңілілерінен);

• Отбасымды сақтап қаламын, елдерден ұят болады деген жалған намыс.

Қазақстан бұл күресті тоқтату үшін гендерлік теңсіздікті түбімен қоса алып тастауы керек. Әр мемлекет зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге, армандарын орындап, бірқатар ресурстарға жетуге құқылы және бұл нәтижеге жету үшін ел болып біріге отырып нәтижеге қол жеткізуіміз керек.



Редакция автордың ойымен келіспеуі мүмкін