Қоғам

Өз еліңді 0-ден құру туралы бірер сөз

21 ғасыр ақпарат пен идеялар заманы. Америкада Илон Маск миллиардтарға ғарыш сапарын жасауда, қазақстанда жаңа технологияларға бейімделген қоғам құрылуда. Дегенмен әлемде арманшыл жандар аз емес. Бірі өз елін құрып, әлемдік мәртебеге ұмтылуда, ал бірі жәй ғана өз-өзіне қожалық етуді қалайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мен сізге нөлден бастап дамыған жеке мемлекеттер тізімін атап өтемін.

Узупис Республикасы

1990 жылы Литва тәуелсіздік алғаннан кейін, Узупис елдің кедейленген және тастанды бөлігі болды. Өмірдің арзан болуына байланысты суретшілер, режиссерлер мен музыканттар сонда қоныстанды, олар кедей ауданды тез арада бүкіл елдің мәдени орталығына айналдырды. 1997 жылы Узупис өзін тәуелсіз республика деп жариялады. 2013 жылы жергілікті элита үкіметпен ауданда «шығармашылық кәсіпорындар мен өндірістер» құруға салынатын салықтарды жою туралы келіссөздерді бастады. Қазір Узуписте көптеген литва суретшілерінің ашық шеберханалары жұмыс істейді, ал республиканың құрметті азаматтары қатарында Узупис мэрі де бар.

Молоссия республикасы

1977 жылы сыныптастар Джеймс Спилман (кейінірек Король Джеймс I) мен Кевин Бо (премьер-министр болды) Невада шөлінде ойдан шығарылған Ұлы Вулдштейн республикасын құрды. Шындығында, бұл штатта Францияның жағалауында Вульдштейн аралынан басқа жер болған жоқ. Спилман өскеннен соң бұны қиял санап,бұл істен кетіп қалды,бірақ бұл Кевин Боны тоқтата алмады: 1998 жылы ұзақ саяхаттап, өз елінің арманына сенуді жалғастыра отырып, сол Невададан үйі бар жер учаскесін сатып алып, өзін Молоссия Республикасының президенті деп жариялады.

Ладония     

Ладония - бұл микро мемлекет қана емес, өнер туындысы. 1980 жылы суретші Ларс Вилькс Шведтің Куллаберг қорығында теңіз жағасында ағаштан жасалған «Нимис» мүсінін рұқсатсыз орнатты. Жергілікті билік оны екі жылдан кейін ғана тауып, оған заңсыз ғимараттар үшін қылмыстық іс қозғады. Вилькс оларды көптеген жылдар бойы сотқа берді, тіпті швед бюрократиясын айналып өту үшін «Нимисті» постмодернистік Джозеф Бьюйске сатты, содан кейін жақын жерде тағы бір мүсін - Аркс тұрғызды, ақыры 1996 жылы қорық аумағында ол өзінің тәуелсіз мемлекет құрғанын жариялады, және ел атын ежелгі грек аңыздарындағы айдаһар құрметіне қойды

Біраз кідіре тұрайық....

Енді осы аталған елдер қалай құрылғанын біз әрине,біле алмаспыз.

Дегенмен,ой талқыға салып, сараптап көрейік.Негізгі 3 қадамды айтамын.

Әр елдің құрылуы алдымен адам санасында бастау алады.

Ең бірінші еліңіздің идеясын,не дүниемен табыс табатынын,рухани күшті қайдан алатынын анықтап алуыңыз қажет.

Бұл-бір.

Екінші не?

Келесі:тәртіп.Еліңізде тәртіп сақтау үшін бірінші конституция жазыңыз,болмай бара жатса этика заңдарымен шектеліңіз.Бірақ қиялыңызды шектей көрмеңіз.Үкімет құруды ұмытпаңыз,онсыз конституция анық болмайды.Адамдарға не нәрсемен айналыса алатынын,не нәрсе тиым екенін анық жазыңыз.Бір сөзбен айтқанда,Заң жазыңыз.

Үшінші дүние-әлемдік орын.БҰҰ ұйымынан тәуелсіз ел ретінде мойындауы үшін өтінім керек болады.

Ел болғасын,жер әрине керек.Дегенмен әлемде бірнеше километрмен шектелетін елдер бар.Тек келісім жақсы жасай алсаңыз,бір ел ішінеде ел құрса болады.Оған мысал ретінде Италия елі ішіндегі Сан-Марино мен Ватикан үлгі бола алады.Ақшалай күшіңіз болса,басқа нұсқаларда болады.

Әлемдік мойындау экономикалық жағынан тиісінше қарастырылуы керек

Жеке кәсіптермен қатар мемлекеттік кәсіпорындарды ақшамен құру қиындық туғызса,жер ыңғайына қарай болсын,басқалай жағымды факторларға көз сала құру креативті ойлауды қажет етері анық.

Дегенмен адам ой-санасы ерекше әрекеттермен жүре алса,бұл әлемнен «тетігін» тауып,орын алуы сөзсіз.Ерекше болудан қорықпаңыз,бәріне ұқсаудан қорқыңыз.

Ел дегеніміз миллиондық қоғамы бар,экономикалық тұрғыда алпауыттарға ғана тән ұғым емес,ел деген адамдардың бір идеяны өмірге әкелу немесе басқа өмірлік құндылығын іске келтіру үшін жиналған 20 адам болсын, жұмылып іске көшуі деп білемін.

Ал сіз қалай ойлайсыз?!