Қоғам

Біз ұсынған 5 тәсіл арқылы жалқаулықтан арылыңыз!

Шаршап тұрмын. Уақытым жоқ. Бір мызғып алайыншы. Осы сөздерді жиі қолданасыз ба? Бұл бойыңызға жалқаулық тарағанының белгісі. Бұл әдеттен арылып, өзіңізге би болу үшін бірнеше тәсілдерді қарастырған жөн.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жалқаулық қауіпті сипат. Ұйқымыз келіп, ештеңеге зауқымыз болмай, телефонға телміріп жататынымыз бар. Бойымызды еріншектік билеген соң бұдан арылу оңайға соқпайды. Осы сәтте уақытымызды текке кетірмес үшін өзімізді қолға алып,  жігерлендіруіміз өте маңызды. 

10минут  

Жалқаулықпен күресуде ең қиыны-уақыт таппау. Барлығы ұзақ, күніңіздің жартысын ұрлайтындай ой туындаса, “мен тек 10 минут жұмыс істеймін» деп өзіңізге айтыңыз. Тіпті таймер қойып қойсаңыз болады. Сірә, осы уақыт өткен соң бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырғыңыз келмей жұмысыңызды жалғастырып кетесіз. Олай болмаған күннің өзінде де қорқатынеш нәрсе жоқ. 10 минутыңызды продуктивті өткізу ештеңе істемегеннен әлдеқайда жақсы.  

Жаттығу жасаңыз 

Спорт– денсаулық кепілі. Оған қоса күні бойы сергектік пен толық энергияны қамтамасыз ететін таптырмас құрал. Ғылыми зерттеулердің біразы дене жаттығуларының пайдасын дәлелдеген. Күніңізді 5 минуттық жаттығудан бастауды әдетке айналдырсаңыз, көңіл-күйіңіз көтеріледі.  

 Айна әдісі 

Психологиялық әдістерді пайдалана білу жалқаулықтан арылып, өзіңізге деген сенімділікті арттыра алады. Мысалы, айна әдісі. Дәл қазір орныңыздан тұрып, айна алдына барыңыз. “Мен сені кешірдім”, “Мен саған барлығы үшін алғыс айтамын” деген сөздерді даусыңызды жарқын шығарып, бірнеше мәрте қайталаңыз. Иә, бұл ақылға қонымсыз әрі күлкілі көрінетін шығар. Бірақ өзіңмен тілдесіп, ойыңдағыны бөлісу екінші тынысты ашуы әбден мүмкін. 

 Жапондық методика немесе 1 минут принципі 

   Кез келген іске тек 1 минутыңызды жұмсаңыз. Дәл осы қағидатты ұстанатын жапондық кайдзен методикасы бар. Әр күні бір уақытта бір іспен айналысыңыз. Мысалы, секіргішпен секіру, кітап оқу, йогамен айналысу. Кейіннен1 минут сізге аздық етіп, сүйікті ісіңізбен айналысуға қосымша уақыт қажеттігін сезінесіз. Осылайша жақсы әдеттерді қалыптастыруға болады.  

Қамшы мен піспенан 

 Адам бір істі алып кету үшін ынтаның болуы қажет екендігі айдан анық. Америкалық инженер, менеджменттің негізін қалаушы Ф. Тейлор “қамшы және піспенан” методикасын XIX ғасырдың соңында ойлап тапқан болатын. Бұл қалай іске асады? Елестетіп көріңізші, сізге ертең дипломдық жұмысыңызды өткізу қажет. Алайда тапсырманы орындаудың орнына сіз жалқауланып жатырсыз. Жұмысқа құлқыңыз жоқ. Осы кезде ойланған жөн. “Мен дипломдық жұмысымды аяқтадым, енді маған дипломымды ұсынады. Барлығы дән риза” немесе “ Мен жұмысты аяқтамадым. Декан маған барлығының көзінше айқайлап, абыройымды түсіріп жатыр.” Міне, осы болжамның біреуі орындалатынын білгендіктен қамшыдан таяқ жеудің орнына тәтті піспенаннан ауыз тигеніміз өзімізге жақсы. 

Биік белестерді бағындыру үшін көп еңбек ету керек. Жұмысқа жол бермейтін, кежірлікті білдіретін ұнамсыз мінезді жоя білу мақсатыңызға жетудегі үлкен қадам. Жалқаулықты тысқа тастаған тұлғалар қатарында болыңыз. 

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін