Авторлық ертегі
Пульт теледидарды қалай ренжітті?
Таң атып шуақ шашқанда,
Күлімдеп күн де батқанда
Кешкұрым болып, адамдар
Түскі асын ішіп жатқанда
Теледидар мен пульт тұрып
Бірімен-бірі сөз құрып
Мақтанып олар сөйлейді
Сөйлегенде пульт тұрып
Теледидарға бүй дейді:
«Сен үлкенсің, алыпсың,
Бәрі де сені танып шын
Қарайды саған барлығы
Алайда менен қалыпсың.
Мынаны біліп алғайсың
Не деп сен мені қарғайсың
Менсіз сен ешкім емессің,
Тіпті қосыла алмайсың!»
-деп Пульт оған тіл қатты
Теледидарды жылатты.
Өзінше кеуде кереді
Мақтаныш оған керегі
Көңілі түскен Теледидар
Оған ештеңе демеді.
Көзінен жасы ағады,
Өзін керексіз санады
Сол сәтте Теледидардың
Экраны сынып қалады.
Иесі келіп көреді
Бірталай көңіл бөледі.
Жөндемек оны ниетте
Барынша терін төгеді.
Алайда, қайта жасалмай
Болмай қалады керегі.
Иесі қапаланады
Жоқ қой жасамағаны
Жөндеуге келмей қалған соң
Бөлшектерін алсын деп
Қайта өңдеу орнына
Апарып оны салады.
Үстелде жатқан пульт қалды
Қызметі оның бос қалды
Сынғанын көріп досының
Біртүрлі болып қалады.
Иесі көріп тетікті
«Сенің керегің мүлде жоқ»,
-деп оны тастай салады.
Біріңді дос, бірің қас
Санаған мүлде жарамас
Адамның күні адаммен
Тірі тұрса қара бас.
Кейбір заттар ғаламда
Бір-бірінсіз тіпті де,
Қара жұмысқа жарамас.
Күліп біз өмір сүрейік,
Қадірімізді білейік!