Құқық

Адами апат

Әлемді зорлық-зомбылықсыз елестетіп көрейікші. Көз алдымызға ертегідей ғажайып дүние еслестейді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

   Ұрып-соғу, қинау, күш көрсету бұл – адамның құқықтарын бұзу. Әсіресе қоғамда балалар зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Өкініштісі оларға қысым көрсететін көп жағдайда өз ата-анасы болып табылады. Балаларды тәрбиелеу үшін ұрып-соғу ақымақтық деп ойлаймын. Оларды ұру арқылы тәрбиеге үйретеміз деп ойлау – қателік. Әр бала бақытты балалық шаққа лайықты.Тіпті балаларға ата-анасының өзара ұрысы да қатты әсер етеді. Анасы мен әкесінің ұрысуы бала үшін ұрғаннан бетер жаман көрініс. Ал қыз баланың арына қол сұғуды адами тірлік деп айта алмаймын. Бейкүнә кішкентай қыз балаларға жасалған әділетсіздікке шыдау еш мүмкін емес. Айналадағы жайттарды естіп жүргеннен кейін маған бір ой келеді. Адамгершілік қайда? Адамдықтан осылай оңай ажырап бара жатырмыз ба? 

      Бір сөзбен зорлық-зомбылықты дауылға теңер едім. Дауылдың соққан жеріне орасан зор зиян келетіні сияқты, зорлық-зомбылық көрген адамның да жүйке жүйесіне едәуір зақым келеді. Осы бір алапат дауылды тоқтатуға болады ма? Әрине, оны тоқтатудың бір жолы бар. Ол – осы дауылдың болу себебін анықтап, дауылдың болуына жол бермеу. Тура сол секілді қоғамдағы зорлық-зомбылықтан құтылуға болады. Оның жалғыз жолы – тәрбие. Айналадағы адам шошырлықтай жайттарды тоқтату үшін әр адам өз-өзін тәрбиелеу керек. Сол кезде ғана дауыл тоқтап, артынан шуағымен арайланып күн шығады. Ал осы күннің төбемізде тұрақтап тұруына біз жауаптымыз.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін