Білім және ғылым

Тез оқу техникалары: Кітапты түсіне отырып оқу

Кітап оқып отырғанда ойыңыз бөлініп кете бере ме? Тез әрі түсініп оқығыңыз келе ме? Ұсынылған тез оқу техникаларымен танысыңыз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тез оқу

Тез оқу – белгілі бір әдістерді қолдана отырып, белгілі бір мәтінді оқу жылдамдығын арттыру. Бір бетке қарағанда тек бір сөзді я жолақты емес, тұтас мәтінді көру қасиеті.  Кей техникаларды қолдана отырып оқу жылдамдығын 5-8 есеге арттыруға болады. Бұл техникаларды меңгергіңіз келсе оқу барысында сол кітап я материалдан басқасын есіңізден шығарып тастаңыз. Алдымен таймер қолданып, бір минутта қанша сөз оқитыныңызды белгілеңіз.

Мүмкін емес болып көрінгенімен,  жаттығулар жасасаңыз минутына 1000 сөз оқи аласыз.

Тіркеспен оқу

Кітап я қандай да бір материал жолдарын бір-бір сөзден емес, сөз тіркестерімен оқи аласыз. Көздеріңізді жолаққа қарағанда жеке сөзді емес, тіркесті көруге жаттықтырыңыз. Басында 2-3 сөзді тіркеске алып оқып көріңіз. Өлең жолын бунақтарға бөлгендей кітаптағы бет жолдарын тіркестерге бөліп оқып көріңіз. Мысалы: Ол-ауылдың-қыстауы-Қайрақты-көлінің-жағасында-қалың-орманның-арасында-еді деп оқығаннан гөрі, Ол ауылдың қыстауы-Қайрақты көлінің жағасында-қалың орман арасында еді деп оқыңыз. Тіркеспен оқу әр сөзді жекелеп оқудан әлдеқайда жылдамырақ әрі түсінікті.

 Әртүрлі орындарда оқу

Оқыған нәрсені есте сақтап қалу үшін орын ауыстырып отырған жөн. 2-3  сағат қозғалмай оқысаңыз, кей сәттер есіңізден қалмауы мүмкін. 30 минут сайын жұмыс үстелінен диванға, басқа бөлмеге ауысып отырған жөн. Кейде бір жерде тұрғанда осы жерде отырып оқыған нәрсеңіз есіңізге түседі.

Шульте кестесі

Шульте кестесі – бірде бағандарға бөлінген визуалды қабылдауды, жылдам оқуды дамытатын тор. Бұл кестеде әртүрлі сандар не әріптер кездейсоқ ораналастырылған. Шульте кестесін жылдам оқуға құмартып жүрген жандар перифериялық көруді дамыту үшін пайдаланады. Көздіңкөру аймағын кеңейтеді.  Алғашында тордан барлық сандар мен әріперді бірден көру қиынға түседі. Көз тек 1-2 санды анық көруі мүмкін. Жаттыға келе, көру қабілетімізді бір қарағанда тұтас 25 санды көруге дағдыландыруға болады. Жаттығу осылай жүзеге асады: кестені алдыңызға қойыңыз. Санаулы секундтарға кестедеге қарап, кез келген нәрсемен кестені жауып тастаңыз. Есіңізде қалған сандарды жазып алыңыз. Осылайша әр жаттығу сайын сандарды көбейтіп, уақытты айтуға тырысыңыз.

Адам көздері секундына 24 кадр қабылдай алады

Метрономмен оқу

Метроном – қысқа уақыт кезеңдерін біркелкі соққылармен белгілейтін құрылғы. Мысалы, қарапайым сағатта 1 минутта 60 секунд яғни 60 соққы болады. Жаттығу үшін бір үзіндіні алыңыз. Метрономды 1 минутта 60 соққыға қойып, әр соққы сайын бір тіркесті оқып отырыңыз. Осы уақытта неше сөз оқығаныңызды белгілеңіз. Кейін 70, 80, 100, 120 соққыларға қойып, барынша көп әрі тез оқуға тырысыңыз. Бұндай жылдамдыққа үйренісіп кету қиынға соқса, өзіңізге ыңғайлы 1 минуттағы соққы санын таңдап, машықтана беріңіз.

Вертикальды оқу

Вертикалды оқу бір көзқараспен толық материалды көруге жаттықтырады. Тез оқитын адам маңызды ақпаратты ғана алады. Вертикальды оқи отыра, кілт сөздерді табу қабілеті артады. Сіз тек таңдалған фрагментті байқайсыз және есте сақтайсыз. Мәтіннің бірінші жолын түгел оқып, екінші жолының ортасын ғана қарап өтіп келесі жолаққа өту. Алдыңғы жаттуғуларда дамытпқан перифериялық көру қабілеті осы жаттығуда көмектеседі. Бұл жаттығудың мақсаты материалдың мағынасын түсіну емес. Мәтіннің керек фрагменттерін ғана оқу көзделеді. 

 Оқыған кітап я мәтін есте қалуы үшін қорытынды жасаңыз. Қорытындыға кесте сызып, бір бағанға кейіпкерлерді, екінші бағанға кітаптағы ең маңызды ақпараттарды, үшіншісіне сізге ұнаған бөліктерін, соңғысына сюжетті қысқаша жазып шығуды әдетке аайналдырыңыз. Сонда кез келген уақытта кестені ашып, кітапты еске түсіресіз.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін