Bugin

Ғасырдың ақиық ақыны

Мұқағали Мақатаев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ақиық» дейтін сөздің мағынасын ұғып салмағын саралай алмай жүрген қазақ екенбіз ау дедім тариxынан хабар алған сәтімде. Мұқағалидай мұзбалақ ақынға ғана теңелетін, қосарлана жүретін «ақиық» сөзінің мағынасы көкейімде шешуі жоқ жұмбақ болар ма деп едім, олай болмай шықты. 

Осы жақында ғана оқыған бір кітабымда «ақиық» дейтін тау бүркіттері барын білдім. Сөйткен ақиық жұмыртқасын ызғарлы қардың үстіне, желдің өтіне салады екен. Онысы «ызғар мен дауылға шыдаса шыдасын, шыдамаса жарылсын» дейтіні көрінеді. Шыныда да, таң қалдым... Осы құстың балапандары сияқты Мұқағали да бала күннен болашақ күнге дейін тағдыр мен адам салған жаралы жүрекпен күн кешті ма екен деп те ойладым. Немесе,басында мәңгі қар жататын Памир тауындай биік болған соң «ақиық» дейтін құстың аты қосарлана ма екен деп те ойлап көрдім. 

Мен таулықпын,Таудан мен жаратылғам,-деп жырлаған Мұқағали заманында. Қара шалғын мекенде өскен ақынның таудың баласымын дегені Алматының асқар Алатауына деген асқан ғашықтан туған өлең жолдары. Ақынның өлең жолдарында  пайдаланған әрбір сөз бен сөйлем ақын қиялы мен ерекше шабыт арқалай туындағанын анық та,айқын аңғаруға болады.Өмір мен тіршіліктің қым-қуыт тірлігінен шаршап, титықтаған тұста жазған өлеңі ме деп те ойлауға болады. Себебі, адам баласы қиналып,қажығанда жан сауғалап тығылар аясын табиғаттан табатыны әу бастан жаратылыстың заңы айналған. Мен де, сыршыл ақынның өлеңнен өрілген сөздерінің астарынан пана іздеп аласұрған пенденің қам-қарекетін елестете алдым. Өлеңнің соңғы қатарлары сөзімнің айқын дәлелі болу үшін өлең жолдарын тілге тиек етсем, «Көкке ұшып кетсем бе екен, Ұстап алып қыранның қанатынан» деп аяқтайды. 

Ақиық ақынның жыр кестелерінен табиғаты мен болмысының тау атты алыптың табиғатына жақын екенін аңғаруға болады. Олай дейтінім Мұқағали мұралары да,жыл өтсе де,ғасыр өтсе де шөгуді білмейтін алып таудай деп ойлаймын.