Алматы облысы

Алматыда ірі кептеліс болып жатыр

30 желтоқсанда күндіз Алматыда кептеліс 7 балға жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

30 желтоқсанда Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында әдеттегі күндерге қарағанда жолдағы кептеліс ұлғайды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Яндекс қосымшасы 2018 жылдан бері қалалардағы көлік кептелісін он баллдық көрсеткішпен бағалайды. Деректерді Яндекс.Картадан қарауға болады. 0-3 аралығындағы көрсеткіш жолдың бос екенін, 4-6 арасы қозғалыс қиындайтынын, 7-10 балл арасы айтарлықтай кептеліс болып тұрғанын көрсетеді.

30 желтоқсанда күндіз Алматыда кептеліс 7 балға жетті. Әсіресе Алмалы және Әуезов аудандары, Бостандық және Медеу аудандарының кей бөлігінде қозғалыс көбейеді. Розыбакиев, Сәтбаев, Төле би көшелері, Назарбаев, Сәкен Сейфулин даңғылы, Әуезов және Жандосов көшелерінің қиылысы қызыл және сары сызықпен белгіленген. 

Жетісу, Алатау және Түрксіб аудандарында көлік көп емес. 

Қосымшаның деректеріне сүйенсек, Нұр-Сұлтандағы кептеліс 6 балл болды. Бұл қозғалыстың қиындағанын білдіреді.

Сондай-ақ Шымкентте де кептеліс 6 баллды көрсетуде. Қалада Қазыбек би және Дулати көшелерінің жабылуы себеп болуы мүмкін. Алайда екі ордамызға қарағанда қызыл жолақ көп емес.