Қоғам
Тілсіз жау мердігерлік ұйымның қоймасында болды.
Теңіз кен орнының вахталық ауыл аумағында өрт шықты. Бұл туралы ТШО баспасөз қызметі хабарлады.
31 Желтоқсанда Теңіз өндірістік алаңынан тыс жерде мердігерлік ұйымның қоймасы өртенді.
"ТШО-ның Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметкерлері дереу оқиға орнына шықты. Барлық қызметкерлер ғимараттан эвакуацияланды, ешкімге медициналық көмек қажет болмады. Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілетін болады", - делінген ТШО түсініктемесінде.
ТЖД Өрт ТШО күшімен сөндірілгені туралы хабарлады.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін