Әлем жаңалықтары

2021 жылы күтілетін 10 қауіп

Германия канцлері Ангела Меркель отставкаға кете ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Eurasia Group компаниясы 2021 жылы әлемді күтіп тұрған басты 10 қауіпті атады, деп хабарлайды Bugin.kz сайты РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Эксперттер алғашқы қауіп Америка тарапынан болуы мүмкін деп болжайды. Джо Байденнің билікке келуі халықтың одан кейінгі президенттерге деген сенімін азайтады, заңсыз деп қабылдайды. Елді “бөлінген Америка” дәуірі күтіп тұр.

Екінші қауіп – Covid-19 пандемиясы. Вакцина жасау процесі әр мемлекетке оңайға соқпайды. Байлар мен кедейлер арасында қақтығыстар орнап, түбі үлкен көтерілістерге әкеп соғады.

Келесі кезекте – климаттың өзгеруімен күрес аясында халықаралық бәсекелестік орнайды.

 Басты қауіптер тізіміне бұлардан бөлек Вашингтон мен Бейжіңнің қарым-қатынасы, халықаралық форматтағы деректерді берудегі қиындықтар, цифрлық кеңістіктегі жаһандық қақтығыс, Таяу Шығыс экономикасының құлдырауы, Германия канцлері Ангела Меркельдің отставкасы, пандемия кесірінен болған дағдарыстар енді.

Айта кетейік, компания әр жылға болжамдарын ұсынып отырады. Әрі жыл сайын әлемде қаржылық қиындықтардың орын алып жатқаны да рас. Биыл да эксперттер сондай болжамға келді.

Ал Қазақстанды 2021 жылы не күтіп тұр? Бұған дейін Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы танымал нумеролог Айгүл Махатованың болжамын жариялаған болатын.

Нумеролог биыл елді өзгеріс мен еркіндік күтіп тұрғанын айтқан.        

«Келер жыл – еркек энергиясындағы жыл. Демек, тұралап қалған іс-әрекеттер жылдамдық алады. Сенімді, батыл шешім қабылдауға болады. Әлемде экономика деңгейін рекордты екпінде сақтау үшін термоядролық энергияны меңгеру арқылы аштық жойылады. Көлік арзандайды. Өмір сүру деңгейі жақсарады. Теңге тұрақтылығын сақтайды. Дегенмен, жасанды интеллект технологиясының дамуы әсерінен көптеген жұмыс орындары жабылуы мүмкін. Оқу әдісі виртуалды кеңістікте жалғасады», - деп пікір білдірді нумеролог.