Weekend
Абай - ғажайып, сыршыл, ақиық, гуманист ақын
Абай - бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға тола алатын жұмбақ ақын. Ұлы ақынның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі руx, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Абай жүрегі нәзік және сезімтал. Кейде өмірден безініп, ол да өзіне сүйеніш, тірек болар дүниені іздейді. Сондағы тапқаны - ақындық. Ал өлең - өнер, өнер - дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі.
Ақын әкелген әрбір сөзжүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатыр. Оның әндері, өлеңдері - таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Міне, адамзат дүниеге әкелген ұлыперзент - Абайдың шын бейнесі осындай. Оны бізС.Торайғыровтың "Асыл сөз" өлеңінен де көреаламыз.
Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы ерінбе... -дейді. Шіркін, осы рас-ау! Өйткені асыл сөздің қасиетін жете түсінгенАбайдай ұлы ақындар қатары аса көп емес.
Қанатын қомдаған құстай болған Абай ақынның шығармашылығына келгендеШекспирдің сонеттерінен кем түспейтінғақлиялары мен алты Алашты тамсандырған"Ескендір" поэмасы жайлы сөз қозғамай кетпеугеболмас. Бұл еңбектері - қанатын кеңге жайғанқұлашты еңбектер қатарына жатады. Асылжырдың аясының тарылмайтынын уақыттың өзікөрсетіп отыр. Себебі, поэмадағы тариxиматериалдар былай тұрсын, ғақлияларындағыадамгершілік, ізгілік белгілері, тәрбиелік мәнікүні бүгінге дейін қолданыста жүр. Енді аталмыштақырыптарға жеке тоқталсам.
Абайдың жастарға ұсынған адамгершілікжолы ғақлияларынан белгілі. Осы арқылыжастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріптүзете білуге шақырады. Сондықтан Абайдыңқара сөздерінің философиялық мағынасы терең, педагогикалық жағынан мұрасы мол. Осы еңбегінде өзінің ғылыми тәрбие процесініңерекшеліктерін, негізгі кезеңдерін басқақұбылыстармен байланыстырып қарастырады. Ғылыми философиялық трактаттармен туыстаскелген қара сөздер құлықтық және эстетикалықтәрбиеге байланысты мәселелерді зерттеп, жазудаэтика мен эстетикаға, ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясынасүйенеді. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмірсүруді, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануын, адамдар жаратылысының бірдей еместігін, біліммен ғылымды танытатын отыз бірінші және отызекінші, жиырма сегізінші сөздерінен көреміз.
Отыз тоғызыншы сөзіне жеке тоқталарболсақ, онда бұл жерден ата- бабаларымыздыңбілімі мен күтімі, сыпайылығы мен тазалығыжайлы, ісін істеп, түсін түстеп жүрген қазаққоғамының елеулілері жайлы сөз болады. Сынныңастына алып, сынап жазған жолдары қоғамшындығын ашатындай.
Ғақлияларынан кейінгі жоғары бағаланылатынеңбегі - "Ескендір" поэмасы. Поэмада жарқынсуреттер мен қызықты, ашық бояулардың, әдеміұйқас түрлерінің, үйлесімді диалогтың болуыпоэманы жандандыра түседі. Алыстан сөзқозғалатын, көлемінің аздығына қарамастаншоқтығы биік туындыда өмір шындығы мен адамбойындағы адами қасиеттерді, ақ пен қараныңайырмашылығын жете түсіндіреді.
Филипп патшаның өліп, Ескендердің таққаотыра салып көршілеріне қырғындай тигенінжәне сол кездегі жасы бар болғаны жиырмадаболғанын айтады. Осылайша, көп ұзамай есімінбүкіл әлемге белгілі еткені тариxи шындық. Міне, осы жағдайлардың ұзын ырғасын Абай ақынкеремет өлең жолдарымен баяндайды да, оны жорықтағы табыстары арта түскен сайынаранының ашылып, күллі әлемді жеке билемекболған ниетін былайша xабарлайды:
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Ескендір патшаның бойындағы зұлымдық, даңғойлық, нысапсыздық сияқты мерездімінездерінен безінуге үндейді.
Жылдар тізіліп өткен сайын Абай ақынныңбейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Ақынныңруxани қазынасын ұлт игілігіне асырып, жарататын да біз. Сол себепті ғасыр ақыныныңжырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырғажалғаса берсін десек, жұмылған жұдырықтай тасболып түйініп, асыл сөзді оқуға, ғибрат алып, келер болашақтың еншісіне тапсыруғаниеттенейік.
Қара сөзің біз үшін үлгі емес пе?
Әндерің құлаққа жақын емес пе?
Жүрекке жылы тиер ән-жырларың,
Қазағым, ұлы Абайым, сен емес пе? - деп жасбуын әрқашан арқаланып тұрса Абайдыңшығармашылығының өшпейтіні анық. Ақынөлеңдері сарғылтым тартқан тариxтың сарғышбеттерінің қатпарында қалып қалмай, жұлдызыбиік, келешегі жарқын елдің ұландарыныңұранына айналуы үшін талмай еңбек ету қажеттігітуындайды. Бүгінде Абай арқылы бір қазақты бар әлем танып отырғаны жасырын емес. Сондықтан ата-баба аманаты -өткеннің шындығы, бүгінгініңқазынасы! Осы бір жайттарды естен шығармаған абзал.