Саясат

Тоқаев Дариға Назарбаеваны қолдау үшін мақала жазды – орыс саясаткері

Дариға Назарбаева билік басына келуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей саясаткері Аркадий Дубновтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 қаңтар күні жарияланған мақаласы сайлауға дейін бес күн бұрын жазылуында сыр жатыр.

Орыс саясаткерінің айтуынша, Ресей сепаратистеріне жауап ретінде жазған Қазақстан президентінің бұл мақаласы өз кезегінде Дариға Назарбаеваның саяси бастамасын қолдап-қолпаштаудың белгісі. "Қазір Қазақстанның саяси бағдары қызық бола бастады" деп жазады Дубнов Фейсбуктегі парақшасында.

"Бүгін (кеше–ред.) Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің Қазақстанның солтүстік аймағын орыс жұртының сыйға тартқан жері деген пікірін тағы тілге тиек еткен Никонов пен басқа да дума депутаттарына қатаң сын айтып, қазақша мақала жариялап жауап берді. Мақаланың парламент сайлауына дейін бес күн бұрын жарық көруі тегін емес. Қазақстандық сарапшылар Тоқаевтың бұл қадамын Дариға Назарбаеваның саяси бастамасына қолдау үшін жазды дейді. Елбасының үлкен қызы билік партиясы – "Нұр Отан" партиясы атынан сайлауға ұсынылды. Соған қарағанда ол Мәжіліс спикері боп тағайындалуы мүмкін", - деп жазды Ресей сарапшысы.

Сондай-ақ Аркадий Дубновтың ойынша, қазақ билігі Ресейдің империялық көзқарасын өзінің ішкі есебіне тиімді пайдаланып жатыр. Яғни ұлттық мүддені қалыптастыру мен елді билік партиясы төңірегінде топтастыру үшін осындай қадамдарға барды. Ал "Ресейдің ақпараттық агенттіктері әзірше Тоқаевтың мақаласына жауап қайтарған жоқ, үнсіз отыр" дейді сарапшы.

Айта кеткен жөн, Дариға Назарбаева мамыр айында Сенат спикері қызметінен босап, уақытша отставкаға кеткен еді. Мұны қазақстандықтар Назарбаевтар әулеті жиналып, буып-түйініп жатыр деп жорамалдаған. Алайда Дариға Назарбаева осы сайлауда тағы билік басына келуі мүмкін. Қазақстанда Елбасының Қауіпсіздік кеңесі туралы заңы мен 184-жарлығына сәйкес, президенттік-парламенттік басқару жүйесі қалыптаса бастаған еді. Бұл басқару жүйесіне сәйкес, елді парламент басшысы да, мемлекет басшысы да бірге басқаруға құқылы.