Білім және ғылым
Білімдіге дүние жарық екені белгілі. Дегенмен сіздің балаңыз мектепке баруды ұнатпайды ма? Егер балаңыз осы қатарға жататын болса, төмендегі оқиғаларды оқытып көріңіз. Өмірден алынған жайттар арқылы оның ойын өзгерте аласыз
Қытай
Қытай қарқынды дамыған елдердің қатарында. Оның экономикасы – әлемдегі ірі экономикалардың бірі. Соған қарамастан көптеген шалғай провинцияларда балалар өздерінің білім алу құқығы үшін күресіп жатыр. Олар ондаған шақырым қашықтықтағы мектепке тауларды асып баруға, ескі үй-жайда, үңгірде оқуға дайын.
Гуйчжоу провинциясында 2011 жылға дейін мектеп үңгірде жұмыс істеді. Гуйчжоу - ауа-райының қиын жағдайлары бар өте кедей аймақ. Жергілікті балалардың оқуға мүмкіндігі болмады. 1984 жылы мектеп табиғи үңгірде болды. Онға жуық мұғалім сабақ беріп, жүзден астам бала оқыды. Тіпті үңгірде бірнеше ғимарат тұрғызылып, шағын ойын алаңы ұйымдастырылды. Алайда үкіметтің бұйрығымен мектеп жабылды. Бірақ орнына қазіргі заманға сай мектеп салынған-салынбағаны белгісіз.
Колумбия
Мұнда кейбір бала үшін мектепке апаратын жол үлкен қиындыққа айналды. Өйткені оған құрлықпен емес, терең тұңғиықтан сегіз жүз метр қашықтыққа ұшу керек. Балалар темір арқандарды ұстап, Рио-негроның екінші жағына шығады. Сабақты жіберіп алмау үшін сіз осындай қиындықтарға дайынсыз ба?
Палестина
Газа секторы - Палестинадағы шағын, халқы көп аймақ. Әлемдегі ең тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Бұл жерде үнемі ұрыс болып, сондықтан жеке үйлер де, мектептер де қирап жатады. Палестиналық балалар үшін қабырғадағы саңылаулар сабақтан бас тартуға себеп бола алмады. Осы балалардың көпшілігі үшін білім - кедейліктен, тәуелділіктен құтқарушы құрал. Білім жаңа өмірге мүмкіндік береді, ең бастысы - адамды шыңға шығарады. Әлемдегі көптеген бала тек сыныпты жөндеу, тегін тамақтану, жаңа оқулықтар, әдемі формалар, заманауи гаджеттер туралы армандайды. Бірақ бастысы ол емес. Ең бастысы – оқу ...
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін