Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанда сайлау қарсаңында партия сайлауы жарияланды
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында 9 қаңтар тыныштық күні деп жарияланды. Бүгін кез келген үгіт-насихат заңсыз саналады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Тыныштық күні - дауыс беруге дейінгі күн. Бұл күні үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге болмайды. Кез келген насихат кандидат немесе сайлау бірлестігі үшін зиян тигізеді.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бес саяси партия қатысады. Олардан 312 кандидат сайлауға түседі. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне партиялардың атауы жеребе арқылы айқындалған тәртіппен енгізіледі.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 10 қаңтарда сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.