Саясат

Азия мемлекеттері мен "Жібек жолы" экономикалық белдеуі

Орталық Азия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Жібек жолы» экономикалық белдеуі – бірнеше мемлекетті ортақ экономикалық даму жүйесіне біріктіретін жоба. «Жібек жолы» экономикалық белдеуін құру жөніндегі стратегиялық жоба – 2013 жылы қыркүйек айының 7-ші жұлдызында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Астана қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде ұсынылған болатын.Си Цзиньпин Назарбаев университетінде жасаған баяндамасында, «Жібек жолы экономикалық белдеуін ортақ құрайық» - деп ресми түрде Жібек жолы экономикалық белдеуін құру инициативасын ұсынды.Бұл стратегиялық бастама ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие болды. Сондай-ақ,Орта Азия мемлекеттерінде де жылы қарсы алынды. Әрине,бұл жәйт таңдай қақтырмайды.

Бұл  белдеудің бойына орналасқан елдердің экономикасының өсуін ынталандыру және Шығыс Азиядан Батыс Еуропаға дейінгі мемлекеттердің өзара сыйластық,сенім және өзара тәуелдідік қағидатымен саяси және экономикалық ынтымақтастығының жаңа форматын құру.

Бұл ауқымды жоба - ұзақ мерзімге жоспарланған, жаһандық стратегия болып табылады. Кейбір эксперттердің бағалауынша, бұл жобаны толықтай іске асыру мерзімі - 30 жыл уақытты құрайды. Жобаны іске асыру барысында"жеті белдеу" құру жоспарланған:

1. көліктік;
2. энергетикалық;
3. сауда;
4. ғылыми-техникалық;
5. аграрлық;
6. туристік;

7. ақпарат

Нәтижесінде, Қытайдың солтүстік – батыспровинциялары мен Орталық Азиядан  бастау алатын  Орталық және Шығыс Еуропаға дейінгіаумақта еркін сауда кеңістігі құрылады депкүтілуде. Яғни, жоспар бойынша жоба соңындамегапотенциалға ие  - меганарық  құрылады.

Си Цзиньпиннің айтуы бойынша,ол мынадай экономикалық мақсаттарды көздейді:

1. Экономикалық дамудың стратегиясы  мен  тактикасы туралы үнемі пікір алмасып, саяси және заңдық тұрғыда  келісімге  келіп  отыру.
2. Біртұтас жол қатынасы жүйесін дамыту. Соныңішінде, автомобиль жолдары тасымалдарына қолайлы жағдай  туғызу.
3. Үш миллиардтан астам халық тұратын Жібек жолы экономикалық белдеуінде  сауда  байланысын арттыру, кедергілерді бірлесе шешу.
4. Арадағы ақша айналымын жолға қою. Бір-бірімізбен өз валютамызбен есеп  айырысуға басымдық беру. Аймақтың  әлемдік бәсекелестіктегі қабілетін арттыру.
5. Халықаралық  байланыс  қоғаммен қоғам арасындағы сенім орнағанда табысты  болады. Осыны ескере отырып, дәстүрлі достық қатынасты одан әрі дамыту.

«Жаңа Жібек жолы» жобасының артықшылығы «5С принципі – жылдамдық, сервис, баға, сақталу және тұрақтылықты» жүзеге асыруға негізделеді.

Қытай осы жоба аясында Қазақстанды инвестициямен қамтамасыз етуде.

Көптеген отандық сарапшылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Жаңа Жібек жолын құру бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру Қазақстанға халықаралық нарықтарға қолжетімділіктің бірегей мүмкіндіктерін беріп, өңірге инвестиция тартудың қуатты құралына айналады деп бағалауда.

Қытайдың Жаңа Жібек жолы көліктік дәлізін құру туралы Стратегиялық бастамасы қазақстандық өнімдер үшін әлемдік нарықтарға жол ашады және де экономикалық зор табыс әкеледі. ҚХР төрағасының «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы идеясы Қазақстан үшін аса табысты болмақ, себебі біз инфрақұрылымдық жобаларға көп инвестиция салдық. Біздің стратегиялық мақсатымыз Орталық Азия өңірінің ірі іскерлік және транзиттік хабына, Еуропа мен Азияны жалғайтын көпірге айналу. Көлік дәліздерінің Орталық Азия өңірі арқылы өтетін кез-келген нұсқасында Қазақстан транзиттік және логистикалық үдерістердің орталығы болмақ, бұл зор экономикалық нәтижелер-  ге ие болуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін әлемдік нарықтарға қолжетімділікке ие болу маңызды.                                                             

Ішкі континенттік дәліздердің әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан 2020 жылға дейін Шығыс пен Батыс арасындағы транзит көлемін екі есеге арттыру мақсатын алға қойды.

2014 жылы 11 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы жарияланды . «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық  саясаты бұл болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру. Көлік, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету тұрақты экономиканың негізі – мықты орта тапты қалыптастыра отырып, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады.«Нұрлы жол» бағдарламасын іске қосу және Астанада халықаралық қаржы орталығын құру бойынша идея, сондай-ақ ҚХР-мен бірге «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанға шетелдік инвестициялардың келуіне маңызды жаңа серпін береді.

Егер Қазақстан үшін Жібек жолы бағыттарын қайта жаңғырту республиканың тиімді геосаяси орналасуын ескере отырып, ең алдымен республиканың транзиттік әлеуетін ашу болса, көлік дәлізінің шығыс жартысын құруға бастамашы болған ҚХР үшін «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасы бұл маңызды дипломатиялық қадам. Қазіргі және болашақ жобалар Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын бекіте түседі. «Нұрлы жол» – көліктік инфрақұрылым мен қайта индустриялизациялау сияқты нақты міндеттердің жүзеге асырылуын қамтитын ұлттық бағдарлама. Ал бұл – жаңа өндірістер, жаңа жұмыс орындары. Сондықтан, тактикалық тұрғыда біздің бағдарламамыз да, Қытайдың бастамасы да көп жағдайда ұқсас. Жолдар құрылысы өңірлерді байланыстырып, ауыл мен қаланы жақындатуға, еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ, азаматтарға өндіруші нарықты қолжетімді етудің арқасында сауда-саттық жанданады.

Қазақстан – географиясы бойынша транзитті мемлекет. ЖЖЭБ (Жібек жолы экономикалық белдеуі) шеңберіндегі барлық көлік бағыттары біздің территориямызбен өтеді. Біріншіден, Қытайдың мүддесін қазақстандық көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін пайдалануға мүмкіндік; екіншіден, транзиттік дәліз үшін ақша; үшіншіден, жаңа жұмыс орындары; төртіншіден, Қытаймен ынтымақтастық салаларын кеңейту. ЖЖЭБ арқылы тек жол құрылысы саласында емес, экономиканың нақты секторында да ынтымақтастықты арттырамыз. Ең бастысы, бұл жобада Қазақстан өз ұлттық мүддесін қатаң ұстана білуі тиіс.

Жібек жолының дамуы Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың шекаралық өңірлерінің өңірлік деңгейдегі өзара қарым-қатынас мәселелері секілді проблемаларын шешуге көмектесетін болады.

Жібек жолы – экономикалық белдеуінің негізгі құрамдас бөлігі. Жібек жолы экономикалық белдеуінің тұжырымдамасында және «Нұрлы жол» бағдарламасында қарастырылған идеялардың тамаша үйлесімі. Қытайдың басты мақсаты жаһандық сауда державасына айналу болса, Қазақстан жариялаған басты мақсат – көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту. Бұл екі жобада бұл мәселені шешеді.

Жібек жолы экономикалық белдеуі мен Нұрлы жол экономикалық саясатын ұштастыру осы жобаға қатысушы екі мемлекет арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашып қана қоймай, Орталық Азиядағы аса ірі елді, аса ірі транзиттік жүк асыру бекетін құрады. Орта Азия мемлекеттері үшін аталған жоба жемісті,әрі табысты болмақ.Орта Азия мемлекеттері Қытайға Еуропа континентіне жол ашып берсе,Қытай өз кезегінде Орта Азия мемлекеттеріне үлкен көлемдегі инвестиция құяды және Орта Азия мемлекеттеріндегі инфрақұрылымды да ілгерілетуге ат салысады. Аталған жоба аясында мемлекеттер арасында экономикалық,саяси,гуманитарлық салаларда тығыз байланыс орнатылып, белдеу бойындағы мемлекеттердегі экономикалық ахуалдың жақсаратыны сөзсіз түсінікті.Демек, «Жібек жолы» экономикалық белдеуін құру жобасы Еуразия кеңістігінде орналасқан мемлекеттердің экономикасын дамытудың өзегі, сондай - ақ әлемдік бизнес үшін ХХІ ғасырдағы ең тартымды әрі ауқымды инвестициялық жоба.