Саясат

ADAL партиясы Nur Otan-ды жеңісімен құттықтады

Халық сенген партия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ADAL саяси партиясының төрағасы exit poll нәтижелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Серік Сұлтанғали өз сөзінде Мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлерге, дауыс берген сайлаушыларға алғыс айтты. Әрі ол сайлау алды басталған жұмыстың бұдан кейін де жалғасатынын жеткізді.

“Бұл тек қана сайлау үшін емес, халықтың алдында берген уәделерді қалай орындау керек, соның жолыменен жүреді. Бұл өте керек нәрсе. Exit poll-дың алғашқы нәтижелері бойынша Nur Otan партиясы алда келе жатыр. Сондықтан, өз басым Nur Otan партиясын құттықтаймын”, - деді ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали.

Айта кетейік, Exit poll жариялаған нәтижеге сәйкес, Парламент Мәжілісіне үш партия өтті. Олар – Nur Otan партиясы, Қазақстан Халық партиясы, “Ақ жол” Қазақстан Демократиялық партиясы.

Сайлау нәтижелері төмендегідей бөлінді:

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс;

Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс;

"Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;

"Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;

ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.

Елде 11 миллионнан аса адамның дауыс беру құқығы бар. Соның 63 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Бұл Орталық сайлау комиссиясының алдын ала есебі.

Шетелде жүрген отандастарымыз да дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Оларға 51 мемлекетте 66 сайлау бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Биылғы саяси науқан пандемиямен тұспа-тұс келді. Дауыс беруде пандемияға байланысты санитарлық талап қатаң сақталды. Азаматтар учаскелерге медициналық қолғап киіп, медициналық бетперде тағып барды. Сайлаушылардың дене қызуы да тексерілді.