Денсаулық
Дәл қазір Индия елі сол антибиотиктармен күресіп жатыр
Ауырсақ болды, антибиотикке жүгіретініміз көп. Тіпті, дәрігердің айтуымен емес, өз қалауымызбен антибиотик аламыз. Бұл қаншалықты дұрыс не бұрыс екеніне мән бермейміз, тек әйтеуір тез емделіп шықсақ болды.
Пандемияның салдарынан кейін бұл тақырып өзекті мәселеге айналды. Короновирустің емін табу әлдеқайда қиынға соқты. Себебі бұл жаңа вирус.
Соның кесірінен әлемде әртүрлі антибиотик қолдандық. Сол антибиотиктің кесірінен бактерия мутантқа айналып, адамдар әлсіреп, антибиотикқа қарсы тұра алмайтын күйге жетті. Бұл дегеніміз – адам организмі антибиотикқа әсер етпей, бактериялар одан да күшейеді деген сөз. Яғни, егер бізге антибиотик мүлдем көмектеспесе ше?!
Дәл қазір Индия елі сол антибиотиктармен күресіп жатыр. Қаншама адам Индияда соның әсерінен көз жұмды. Бұл тек Индия елін ғана емес, бүкіл әлемді қамтуы мүмкін.
Бізге "антибиотикалық эра" жақындап келді. Антибиотикті ауырған кезде ғана емес, ота жасатар алдында да, нәрестені жатырдан кесіп алу үшін де қолданатын болдық. Мұның бәрі дұрыс емес. Қазір аяққа түскен жараны антибиотикпен жаза алмаймыз. Яғни, антибиотик мүлдем көмектеспейді. Содан көп адам көз жұмып жатыр.
Қорытқанда қазірден бастап өзіңізді қорғаңыз! Дер кезінде дәрігерге хабарласыңыз. Сізге кеңес:
- Антибиотикті тек керек жағдайда, дәрігердің кеңесімен ғана ішіңіз;
- Антибиотикті 2-3 күн ғана ішіп, тастап кетпеңіз, дәрі нұсқауымен ішілуі тиіс.