Саясат

Түрмеден президенттікке дейін: Садыр Жапаров кім?

Қырғызстанның жаңа президенті тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көршілес Қырғызстанның жаңа алтыншы президенті ретінде 52 жастағы Садыр Жапаров тағайындалды. Ол қазан айында өткен жалпыұлттық көтерілістен кейінгі президент сайлауында жеңіске жетті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жапаров осыған дейін өзінің жақтастарының арқасында колониядан босатылды. Ол 11,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алдымен наразылық іс-шараларының басшысы болып жүрген Садыр мырза, күтпеген жерден ел басшысы атанып кетті.

Сарапшылар сайлауға дейінгі дайындық кезеңінің өзінде оның президент болатындығын білген. Себебі ол барлық халықтың сүйіктісі болып қана қоймай, оның жақын серіктестері де үкіметтегі негізгі лауазымдарға ие болып отырған.

Вашингтондағы Ұлттық қорғаныс университетінің сарапшысы және профессоры Эрика Мараттың айтуынша, қазіргі сайлауды заңды деп айту қиын. Сонымен қатар оны өткізу туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі ай ғана өтті.

"Бұл – мерзімнен бұрынғы сайлау. Оның тағайындалуы Конституцияға немесе заңға сәйкес келмейді. Бұл Жапаров пен жақтастарының оны мемлекет басшысы ретінде заңдастыру әрекетінің жалғасы ғана", - деп есептейді ол.

Жапаровтың дәрежесінің тез көтерілуі көп адам үшін тосынсый болды. Ол түрмеден шығып, бес күннен соң Қырғызстанның Премьер-Министрі атана кетті. Ал бүгін ел басшысы лауазымын иеленді.

 

Жақтаушылар мен даттаушылары

 

Жаңа президенттің жақтастарының пікірінше, оның бұл дәрежеге жету жолы оңай болмады. Ол талай әділетсіздіктің құрбаны болды. Үш жыл түрмеде болған кезінде оның өз-өзіне қол салу әрекетінен кейін қанға малынған күйінде тапқан. Одан бөлек темір тордың ар жағында отырып, ата-анасынан, баласынан айырылған.

 «Алдыңғы президент пен үкімет үздіксіз қате іс-әрекеттер жасап жатқан кезінде Садыровтың  түрмеде отыруы – ол үшін жақсы жеңілдік болды» деп есептейді саяси сарапшы Азим Азимов.

Оның ойынша, Жапаровтың ел басшысы атануы Қырғызстан үшін жаңалық емес. Себебі қай мемлекеттің болсын билігінде саяси дағдарыс орын алғанда, халық ойланбастан бірыңғай таңдау жасайды.

 

Жаппаров қалай ел басшысы атанды?

 

Біз Жапаровты саясатқа жаңа қадам басқан адам деп айта алмаймыз. Ол өзінің саяси мансабын 2005 жылы бастаған. Алдымен елдің солтүстігінде орналасқан Түп ауданының басшысы, кейіннен экс-президент Құрманбек Бақиевтың кеңесшісі, коррупциямен күрес бөлімінің бас комиссары да болған.

Жаппаров өзінің сайлауалды науқанында ел басқару кезінде ұлттық құндылықтарға, салт-дәстүрлерге жиі жүгінетіндігін айтты. Атап айтқанда, Конституцияны қайта жазуды, жаңа билік органын, яғни президент пен парламентті қадағалайтын «халықтық құрылтай» («дәстүрлі парламент») құруды ұсынды.

Оның «Мекенчил» саяси партиясы халық ішінде аса танымалдылыққа ие болды. Ал халық Сапарбаевтың өзін «нағыз патриот» деп танып, онымен кездесуге ұлттық киімдерін киіп келген.

«Ол – ең сенімді жалғыз қайраткер. Қалғандарының бәрі тек өз қалталарын ғана ойлайды. Ал ол барлық жақынынан айырылды, оған енді ешнәрсенің қажеті жоқ. Ол халыққа қызмет етуге дайын. Ол біздің, яғни мигранттардың қамын ойлайды. Мысалы мен Ресейде қара жұмысшы болып жұмыс істедім. Көп қиналдым. Мұның бәрі біздің сауатсыз президентіміз бен депутаттарымыздың кесірі, ал Жапаров ондай емес» деп өз ойын білдірді 34 жастағы Мейирбек.

Айта кету керек, Жапаровтың жақтастарының көбісі Ресейде және шетелде тұратын мигранттар. Түрлі деректер бойынша, тек Ресейде ғана 850 мыңнан 1 миллионға жуық қырғызстандық жұмыс істейді. Қырғыз мигранттары Түркияда, Қазақстанда, Кореяда, АҚШ-та және басқа да елдерде бар. Олардың көпшілігі елден лайықты жұмыс таба алмағаны үшін кетіп қалды.