МӘДЕНИЕТ

"Шашыңнан иіскейін" өлеңінің кейіпкері кім?

Мұқағалидың "Шашыңнан иіскейін" өлеңі кәріс қызына арналған ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Шашыңнан иіскейін» өлеңін ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жетпісінші жылдардың ортасында жазған. Ал өлеңнің кімге арналғанын және шығу тарихын Күлсінбүбі Қыбыраева тілшілерге берген сұхбатында:

«1974 жылдың жаз айы болатын. Ол кезде мен 24 жастамын. Жолдасым және Қазақ радиосының дикторы Бақытжан Атагелдиев үшеуміз көшеде келе жатқанбыз. Жолда Мұқағали атамызбен қарама-қарсы жолығып қалдық. Ол кісінің бір қасиеті біздің жақтың адамдарын бірден танитын. Олар амандасып, жақын жерде фойе бар екен, сонда барып отырды. Мен ер адамдарға араласпайын деп бір талдың көлеңкесінде тұрдым. Бұл кісі бір-екі рет артына қарап қойып отырған. Бір кезде маған қарады да «анау менің жерімнің қызы, менің елімнің топырағының иісі шығып тұр ғой, неғып тұр ана жерде, шақырыңдар», деді. Содан қастарына келіп отырдым. Ол кісі қарап отырып бір-екі сұрақ қойды.

– Қай оқуды бітірдің, - деді.

– Шет тілдер институтын бітірдім, - дедім.

– О-о, Шет тілдер институтын бітірсең неге шашыңды қимадың, неге боянбадың, - деді. Ол кезде қалада қанша жыл оқысам да шашымды қимай қос бұрым етіп өріп қоятынмын. Содан қарап отырды да, бір кезде өзіне қарай тартып, маңдайымнан сүйіп, шашымнан сипады да осы өлеңді оқыды.

Иек артқан теңізге мүйістейін,
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?
Иіскейін тек қана, тиіспейін,
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?
Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған!
Қос бұрым-ай жотанда бұлғақтаған!
Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау,
Жер иісі жұпардан қымбат маған!

Төрт шумақ. Оқып бітіп «осы өлеңді мен саған арнадым, қалқам», - деді.

Бір-екі айдан соң «Лениншіл жас» газеті болса керек сол кісінің өлеңдер жинағы жарық көрді. Жолдасым алып жүгіріп келіпті. «Мынаған қара, саған арнаған өлең шығыпты»,-деді. Расында да сол газетке жаряланған өлеңдердің ішінде жүр екен.» - депті берген сұхбатында.

          Ал Бексұлтан Нұржекеевтың «Кәріс қызы» шығармасында өлеңнің шығуына себепкер болған корей қызы Нэля Кимге арналған делінген. Нэля Қарағанды да туып-өскендіктен қазаққа сіңісіп кеткен, қазақшаға судай, сыртынан қарасаң қазақ қызы деп қаласың дейді автор. Жастайынан сөзге шешен кәріс қызы әдебиетке құмар болып өседі және ақын-жазушылардың шығармаларын сүйіп оқиды. Мектеп қабырғасында оқып жүргенінде Мұқағали мен кездесу болып мына сөздерді арнайды «Менің ең жақын досым - сіздің өлеңдеріңіз. Мен сізді өлеңдеріңіз арқылы бұрыннан білемін. Қуансам да, қайғырсам да, мені дүниедегі бәрінен артық жақсы көретін жалғыз шешем бар- ең аяғы со кісіге өкпелесем де, түпкі үйге кіріп алып сіздің өлеңдеріңізді оқимын. Өйткені менің одан жақын сырласым жоқ. Мен  сияқты мыңдаған қарындасыңызды өлеңдеріңізбен қуанта беріңіз.» - деп тілегін білдіргенде Мұқағалидың көзінен жас шығып Нэлиге келіп: «Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін! Иіскейін тек қана, тиіспейін! Келші, қарғам шашыңнан иіскейін!» - деп батасын берген екен. Нэлидің Мұқағалиға құрметіне, сүйіспеншілігіне таң қалған Бексұлтан «Кәріс қызы» шығармасын жазып шығады.

          Өлеңге мән берсеңіз «Иек артқан теңізге мүйістейін» деп басталады. Осы ретте әлем картасына қарасақ Корея мүйісте орналасқан  (жер бедерінің теңізге сұғынып тұрған жері) Қарап тұрсаң бүлда шындыққа жанасады.

          Мұқағали терең дария, сүңгіген сайын не бір ғажайыпқа куә боласың. Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның өзегі, қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірін ұғындырған ұлы ақын. Мұқағали сыршыл лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Мен поэзия мұзбалағының көп олеңін ол емес, өзім жазғандай күй кешемін. Яғни, оқырман әлі күнге дейін ақын өлеңдерінен өзін-өзі тауып жатады. Бұл ақынның ұлы ақын екендігінің дәлелі деп білемін.  

«Шашыңнан иіскейін» өлеңінің кейіпкері кім?

«Шашыыңнан иіскейін» өлеңін ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жетпісінші жылдардың ортасында жазған. Ал өлеңнің кімге арналғанын және шығу тарихын Күлсінбүбі Қыбыраева тілшілерге берген сұхбатында:

«1974 жылы жаз айы болатын. Ол кезде мен 24 жастамын. Жолдасым және Қазақ радиосының дикторы Бақытжан Атагелдиев үшеуіміз көшеде келе жатқанбыз. Жолда Мұқағали атамызбен қарама-қарсы жолығып қалдық. Ол кісінің бір қасиеті біздің жақтың адамдарын бірден танитын. Олар амандасып, жақын жерде фойе бар екен, сонда барып отырды. Мен ер адамдарға араласпайын деп бір талдың көлеңкесінде тұрдым. Бұл кісі бір-екі рет артына қарап қойып отырған. Бір кезде маған қарады да «анау менің жерімнің қызы, менің елімнің топырағының иісі шығып тұр ғой, неғып тұр ана жерде, шақырыңдар», деді. Содан қастарына келіп отырдым. Ол кісі қарап отырып бір-екі сұрақ қойды.