Өсімдік вирустары туралы білесің бе?

Адамның вирустық ауруының әртүрлі жолмен: ауадағы түшкіріктен (грипп), жұғысудан (шешек), кенелерден (энцефалит), масадан (сары безгек) және т.б. тарайтынын біз жақсы білеміз. Ал өсімдіктің вирустық ауруы қалай тарайды?!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өсімдік вирустары туралы білесің бе?

Авторы: Аханова Гүлнұр Нұрланқызы

Адамның вирустық ауруының әртүрлі жолмен: ауадағы түшкіріктен (грипп), жұғысудан (шешек), кенелерден (энцефалит), масадан (сары безгек) және т.б. тарайтынын біз жақсы білеміз. Ал өсімдіктің вирустық ауруы қалай тарайды?!

Өсімдік жасушаларының қабаттары – оған вирустың еніп кетуінен сақтайтын бірден-бір мықты кедергі. Вирустың өсімдік жасушаларына енуі үшін ол сылдырылған, тырналған, тесілген және сол сияқты жараланған болуы керек. Табиғатта өсімдік жасушасының қабаттарына жарақатты не түсіретінін білесіз бе?!


Өсімдіктің вирустық аурулары көп жағдайда сорғыштаратқыш құрт-құмырсқа жәндіктер – шегіртке, қандала, қышылдақ қоңыз, трипс, бит және тағы басқалары арқылы тарайды. Вирустар өсімдіктен өсімдікке құрт-құмырсқа жәндіктері арқылы екі жолмен: механикалық және биологиялық жолмен жұғады. Бірінші жағдайда жәндік, мәселен бит өсімдіктің шырынын сора отырып,тұмсығымен жасушаларды жарақаттап, механикалық жағдайда ондағы ауру өсімдіктің вирусын басқа сау өсімдіктің жапырағы мен сабағына жұқтырады. Егер бір сіркенің бір жылда 17 санынан 30 нольді қойғандай бүрге шығаратынын ескерер болсақ, вирустың ауруды тарататын бұл жәндіктердің ауыл шаруашылығына қаншалықты зиянын тигізетінін аңғару қиын емес.

Қазіргі кезде бүргенің 300-ге жуық түрі (көк, сұр, қара) белгілі болып отыр. Бұлар өсімдіктерге көптеген вирустық ауруды механикалық таратушылар болып табылады. Шабдалы сіркесі деп аталатынның тіршілігі өте қызық: ол қант қызылшасының сары, картоп жапырағының бүрісуі, темекінің мозаика, асбұршақтың ала ауруын және т.б өсімдіктің 50-ге жуық ауруын таратады.

Вирустың механикалық жолмен тарауы өте тез, бірнеше минутта болады. Ол үшін жәндік бір өсімдіктен екінші өсімдікке өрмелеп немесе ұшып барса болғаны. Ал биологиялық жолмен тарағанда мұндай жылдамдық байқалмайды. Ауру өсімдіктен сау өсімдікке тез тарай қоймайды, өйткені таратушы мен өсімдік арасындағы өзара қатынасы одан гөрі күрделілеу келеді.


Бұл жағдайда, яғни жәндік ауру өсімдіктің шырынымен қореқтенгенде, вирус алдымен оның ағзасына (қышылдауық қоңыз) түседі де, содан соң көбейіп, жәндіктің сілекей безіне өтеді, одан өсімдік жегенде сілекейімен бірге бөлініп шығып, сау өсімдікті ауруға шалдықтырады.

Вирустық ауруды жәндіктер таратқанда кейде қызық жайлар да кездеседі. Соның бірі мынадай: жүгерінің стрик деген вирустық ауру бар. Ол түскенде жүгерінің жапырақтарында ақшыл жолақтар пайда болады. Бұл ауруды қышылдауық таратады. Олар тек жүгері шырынымен азықтанып, жүгері жапырағында ғана өніп-өседі. Оларды қолмен басқа өсімдіктің жапырағына апарып қондырғанда бірнеше күннен соң ашығып өліп қалады. Өйткені олар бөтен азыққа көндіге алмайды.