Музыка аспабының адам денсаулығына пайдасы қандай?

Домбыра адамның қан тамыры жұмысын жақсартады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Музыка біздің эмоциямызды сөз сөйлеуге қарағанда әлдеқайда тез әрі нақты жеткізеді. Мұңайған сәтте әуен тыңдайтынымыз да содан. Қандай музыка болса да, сүйіп тыңдайтын әуен адам жанын жадыратып, миын демалтады.

Әр адам өз өмірінде музыканың эмоционалды күшін сезеді. Рок-клубтағы музыканың өзі эйфория шақыруы мүмкін. Ал романтикалық балладаны тыңдап, махаббатты бастан кешіреміз. Әр музыка адамға әртүрлі сезім мен эмоция береді. 

Музыка адам жанын рахаттандыра отырып, оның денсаулыға да әсер етеді. Адам азғасына пайда әкеледі. 

Ғалымдардың болжауынша, музыканың тек стилі емес, қай аспапта орындалғаны да маңызды. Себебі белілі бір аспап адамның бір жүйесіне түрлі әсер етеді. Олай болса, әр музыкалық аспапқа жеке-жеке тоқталып өтейік:

1. Фортепиано. Фортепианомен орындалатын әуен адам жанын тыныштандырады, ми жұмысына пайдасын тигізеді. Бүйрек жолдарын қалыпқа келтіріп, несеп жолдарының жұмысын жақсартады. 

2. Ішекті аспаптар. Гитара, домбыра, скрипка және тағы сол сынды ішекті аспаптар адам қан-тамырының жұмысын жақсартып, қалыпқа келтіреді. 

3. Үрмелі аспаптар. Флейта, саксофон сынды аспаптар тыныс жолдарына пайдасын тигізеді. Мысалы, ол өкпе мен бронхитті тазартады және қан айналымының дұрыс жүруіне үлес қосады. 

4. Барабан. Барабан адамды эйфория жағдайына жеткізеді. Жүрек соғысын қалпына келтіріп, бауыр жұмысын тұрақтандырады.

Міне, әр аспаптың ерекшілігі осындай. Дегенмен әр музыканың, әр аспаптың адамға тигізер әсері де әртүрлі болатынын ескерейік. Ұлы Абай атамыз айтқандай, "Әннің де естісі бар, есері бар" емес пе?!