Экономика

Kakebo: Жапон техникасы бойынша қалай ақша жинауға болады?

Kakebo дегеніміз не?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Kakebo" сөзі – үй қаражатын үнемдеуді білдіретін үш иероглиф. Жапон азаматы Мотоко Хани осы атаумен қаржы жүйесін ойлап тапқан. Kakebo жүйесі қаржы жинауға жәрдемдеседі. Сіз аз мөлшерде, бірақ тұрақты қаражат үнемдеуді үйренесіз.

Kakebo үшін не қажет?

Мотоко Ханидің айтуынша, қаржыны басқару үшін сізге екі блокнот қажет: үлкен және кішкентай. Үлкенінде сіз кірістердің барлығын жазасыз. Шығындар мен жинақтарды жоспарлайсыз. Ал шығындарды жазуды ұмытпас үшін кішкентай блокнотты өзіңізбен алып жүресіз. 

Шығынды қалай жазу қажет?

Сіз ақша жұмсаған шығынды жазып отырасыз. 

Бір айлық кіріс жоспарын кесте не баған түрінде жазуға болады. Айдың басында өзіңіз жоспарлаған кірісті тізіп шығыңыз: жалақы, қайтарылған қарыз, сыйақы – бәрін жазыңыз. Керек кезде кесте мен бағанды түзете алатындай болуымыз керек. Түзетілген жерді түрлі-түсті қаламмен жазуға болады.  

Бір айлық үнемдеу жоспарын былай жасайсыз. Қанша ақша жинағыңыз келеді, соны жазасыз. Шығынды жоспарлай отырып, нақты жинау керек қаржыны да көрсетесіз.

Бір айлық шығындар жоспарына шығындардың барлығын енгізіңіз. Мысалы, коммуналдық төлемдер, жалға алған пәтер ақысы, бірлікке қажетті ақша, несие, т. б.

Жоспарда бекітілген ақшадан қалған бөліктегі қаражатты бірнеше сатыға бөліңіз.

Тұрмыстық шығын: азық-түлік, киім, үй тазалау құралдары т.б.

Білім алу шығыны: тренинг, ағылшын курсы, кітап сатып алу т.б7

Ойын-сауық: киноға бару, кездесулер т.б.

Басқа да шығындар: үш қатарға жатпайтын өзге шығындар.

Дәл осы жүйемен өмір сүрсеңіз, ақша жинауды меңгересіз. Ай соңында жоспардың орындалғанын талдаңыз. Бұл келер айдың жоспарын дәл құруға, түзету енгізуге жәрдемдеседі.

Жүйеде үнемдеуді тиімді ететін амалдар қарастырылған:

  • Күн сайын қалтаңыздағы тиындарды банкаға салыңыз. Айдың соңында қомақты қаржы жиналып қалғанын өзіңіз де аңғармай қаласыз. 
  • Қайтарылған қарыздарды депозитке салыңыз. Бұл табыс емес. Өткен айда жетпеген ақшаңыздың қайтарымы.
  • Өзіңізге қаржылай жаза түрін ойлап табыңыз. Жаман әдет немесе жаттығуды өткізіп алғаныңыз үшін өзіңізді жазалаңыз. Банкаға жаза түрінде белгіленген қаражатты салыңыз. 
  • Жұмсайтын ақшаны төрт аптаға бөліңіз. Жеті күндік бюджеттен қалған барлық ақшаны апта соңында банкаға салыңыз.
  • Қажет емес тауарды сатып алғыңыз келсе, келесі айға шегеріңіз. Егер 30 күннен соң сатып алуды қаласаңыз, солай жасаңыз.

Kakebo-ны технологиялармен де іске асыра аласыз

Жүйе блокнотты қолдануға негізделген. Өзге құрылғыларды қолдана аласыз. Мәселен, Excel-ді қолдансаңыз болады. Қалтаңыздағы артылған қолма-қол ақшаны банк картасына аударыңыз. Сонда үлкен мөлшердегі қаражатқа ие боласыз.