Bugin
Бұл қызметте 2019 жылдан бері келе жатыр
Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Асқар Мамин тағайындалды. Оны бұл қызметке ұсынған – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пленар отырысында Асқар Маминнің үміткерлігін 78 депутат қолдаған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді үкімет басшысына тағайындау туралы қаулыға қол қойды.
Асқар Мамин 2019 жылдың ақпан айынан бері осы қызметте. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі, транспорт және коммуникация министрі, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметтерінде болған.
Айта кеткен жөн, бүгін мәжіліс палатасы жасырын дауыс беру арқылы төменгі палатаның төрағасы етіп Нұрлан Нығматуллинді тағайындаған еді.
Ал Дариға Назарбаева мәжіліс депутаты болғанымен, өкілетті қызметтің бір-біріне ұсынылмады.