Bugin
Комитетке мүше
Бүгін, 15 қаңтар күні, Парламенттің биылғы жылдың алғашқы бірлескен жабық отырысы өтті. Мұнда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жұмыс істеуі бағыты мен жаңа реформалар топтамасын ұсынды. Сондай-ақ, мәжіліс палатасының төрағасы тағайындалды.
Ал мәжіліс спикері болып бұрынғы қызметіне қайтадан Нұрлан Нығматуллин оралды. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары мәжіліс басшылығына Дариға Назарбаева келеді деп жорамалдаған еді. Алайда бұл болжам орындалмады. Дариға Назарбаева бұған Сенат төрайымы болған еді. Ол қызметінен Қ.Тоқаевтың өкімімен мамыр айында босатылған.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Экономикалық реформа мен аймақтық даму комитетіне мүше болып енді. Бұл комитетті Альберт Рау басқарады.
Сондай-ақ бұл комитеттің құрамына Азат Перуашев, Екатерина Смышляева, Абилфас Хамедов, Самат Әкішев, Ғалым Амреев, Жамбыл Ахметбеков, Сырым Ертаев, Ғазиз Құлахметов, Самат Мұсабаев, Ерлік Әмірғали, Әмерхан Рахимжанов мен Әлия Сапарова сынды депутаттар қосылды.