Қоғам

«Сөздің қадірін білсек...» немесе тіл мен сөз құдіреті жайлы туындаған ой

Қазіргі қоғамды бейберекет сөйлеу, сөзді қадірлемеу, өтірік айту тәрізді теріс қылық жаулап алған. Оған тіпті барынша ман беруден де қалдық. Ал бұрынғы ғүламалар тілге ие болудың маңызы жайлы айтып та, жазып та кеткен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ата-бабаларымыз тілдің тигізер пайдасы мен залалын кейінгілерге сабақ қылып, тәрбиелік мәнін ашып кеткен. Абай Құнанбаев адамзат баласының тілге байланысты бірнеше жаман қасиеттерден аулақ жүруін тапсырып: "Өсек, өтірік мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз" деп айтқан. Сол бес дұшпанның үшеуі: өсек, өтірік, мақтаншақтық қасиеттерін де тілмен байланыстырып кетті емес пе?! Сонау Абай заманында орын алған аталмыш көрініс, қазақтың бойындағы теріс қылықтар әлі де өзіндік «мәнін» жоғалтпай келеді. Абай атамыз осы сөзін тап осыдан бес-алты жыл бұрын ғана айтқандай, өз құндылығын жоймаған. Адамның өміріне тіл мен сөздің тигізетін ықпалы өте зор.

Адамзат баласына берілген үлкен сыйдың бірі – тіл. Яғни тілмен сөйлеу қабілеті. Оны әр адамға өз орнымен, жөніменен пайдалануға мүмкіндік берілді. Қазақта ойланбай сөйлегеннен адамға екі үлкен апат бар деген түсінік бар. Оның біріншісі жалған сөйлеу кесапаты және шындықты сөйлемеу кесапаты. Тіл, сөз құдіретін бағалай білген қазақ «…адамзатты сөз бұзар» деп оның маңызын барынша тани білген. Бұрындары ата-бабаларымыз бір ауыз сөзге-ақ тоқтаған. Талай күрмеуі қиын, шешілмес түйін мәселелерді би-шешендер осы тіл мен сөзді дұрыс, әрі өз орнымен қолдана білу арқылы оп-оңай шешкен емес пе? Тарихта бір ауыз сөзден жеңіліп, кінәсін мойындап, иығындағы шапанын шешіп беріп, не болмаса астындағы атын да кінәсін жуып-шаю үшін қиғаны мәлім. Міне, біздің ата- бабаларымыздан қалған осы бір жақсы қасиет өкінішке орай кейінгі ұрпаққа азық болудан қалды. Қазір сөзге тоқтау былай тұрсын, үлкенді тыңдамау, кейуананың ақ жаулығы мен қарияның ақ сақалын сыйламау белең алып кетті. Кіші үлкенге беріспейді, тіпті жастарды сабырлылыққа шақырып, адамгершілікке баулитын қарттар қатары сиреп барады. Тіл мен сөздің құдіретін бағаламаудың арты бітіспес ұрыс-керіс, текетіреске әкеп соғып жатқанын күнде байқап жүрміз. Өз тіліне, аузынан шығар бір ауыз сөзге мән бермеудің арты өкінішке ұрындыратыны айтпаса да түсінікті. Егер де сіз бен біз осы мәселеге жауапкершілікпен қарасақ, жолымыз ашық, бастаған ісіміз сәті, жүзіміз қашан да жарық болар ед