Weekend

Копирайтер деген кім?

Жаңа ғасырда жаңа мамандықтар сұранысқа ие болып жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа мамандықтар бұрынғыдай 20-30 жылда емес, енді әр 3-5 жылда пайда бола бастады. Мысалы, бұдан 10 жыл бұрын SMM маманы, спичрайтер сынды мамандықтар туралы мүлде естімеген едік. Ал қазір мұндай мамандықтың неше түрі бар. Қазір тіпті үйде отырып-ақ жақсы табыс табатын фрилансерлер жетіп артылады. Оларға сұраныс та көбейіп келеді. Солардың бірі- копирайтерлер. Бұл мамандық туралы не білеміз?

Копирайтер-жарнамалық мақсатта мәтін жазып сататын адам. Оның жазған мәтіні өнімнің сатылымына, компанияныың танымалдылығына әсер етеді. Копирайтер тапсырыс  берушімен ғана емес, аудиториямен де ортақ тіл табысатын, білімді, жан-жақты болуы шарт. Ал сауатты копирайтер кілт сөздерді қолдану арқылы компанияның қызметін пайдалануға немесе өнімін сатып алуға итермелейді. Копирайтердің міндеті- тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес жазылған мәтінді белгіленген мерзімде ұсыну. Бұл мамандық тілді жақсы білуді, кәсіпке бейім, сатуға икемі болуын талап етеді.

Қазір әлеуметтік желілер кәсіптің негізге құралына айналды. Инстаграмда парақшасы жоқ кәсіпкерді елестету қиын. Бұрын орыс тіліндегі бизнес-парақшалар көп болса, қазір орыс тілді блогерлер қазақша блог жүргізе бастады. Өйткені қазақ аудиториясының көбеюі себебінен үлкен компаниялар да қазақ тіліне көңіл бөле бастады. Аудитория қайда болса, ақша сонда екені айтпаса да түсінікті. Әлеуметтік желіде тұтынушыға өнімді өтімді жарнамалайтын мәтін керек. Осы тұрғыдан бірнеше сауалға жауап беріп көрелік.

1.Қазақтілді копирайтерлерге сұраныс бар ма? Қазір әлеуметтік желіде қазақ тіліндегі сауатты жарнама жасау үшін сұраныс өте көп. Ал жарнама мәтінін жазатын копирайтерлерге де сұраныс бар деген сөз.

2.Кәсіптегі копирайтингтің рөлі қандай? Сату мәтіні қалай жазылады және оның көлемі қандай болуы керек? Кәсіптің өрге басуының бірден-бір құралы- әлеуметтік желі. Әсіресе, инстаграм. Инстаграмдағы мәтін 1600 символдан аспағаны дұрыс. Жазылу құрылымына келетін болсақ: тақырыптан (назар аудартудан), тұтынушының жанды ждеріне тиюден (проблемадан), шешім жолдарынан, ұсыныстан, әркетке шақырудан тұрады. Құрылымын сатылатын затқа қарай өзгерте беруге болады. Бастысы- жазуға дағдылану.

3.Копирайтерлер қанша табыс табады? Алматы қаласындағы мәтіннің «майын тамызып» жазатын копирайтерлердің орташа табысы 80000 теңгеден басталады.