Елін сүйген - Елбасы!

Елінің дамуы, тұрақтылығы, Ұлы көштен қалмауы үшін небір қиындықты өткеріп келе жатқан Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін халық аса жоғары бағалайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент атағын алған талантты, білімді, өз елін, өз жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Біз оны әрбір сөзінен, халыққа істеп жатқан жақсылықтарынан байқаған едік. 

Сол себепті де, ақ киізге көтеріп сайлаған Тұңғыш Президентке сол күнді мәңгі есте қалдыру мақсатында желтоқсанның алғашқы күнін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» құрметіне мереке ретінде бекітті. Сонымен қатар, 2019 жыл да – өзгерістерге толы жыл болды. 2019 жыл – «Жастар жылы" деп бекітілді. Тұңғыш Президент өз қызметінен кетіп, жаңа басшы Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Елбасымыздың құрметіне арнап, еліміздің астанасы Астана қаласын, Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертті. Міне, нағыз құрмет осы деп ойлаймын. Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытатын халқымыз бұл жолдан еш жаңылмады. Шынымен де, Елбасы жарады. Елін сүйген елбасыны елі де сүйеді. Біз сізді мақтан етеміз Нұр ата…!

 

Мақтанатын ерім бар кемеңгер,

Қазақ халқын көтеріп, танытқан ер.

Бір өзіңсіз Нұр-ата нағыз батыр,

Сізге риза халқым мен туған жер.

 

Бүгінде атың әйгілі жер жаһанға,

Әділділігіңмен үлгілісің бар адамға.

Көрегендігінді көрсету үшін мінекей,

Еңбегіңді жазып бердім ақ қағазға.