Bugin
Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ елінде, қазақ жерінде оқу-ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы, алғаш халық ағартушысы, қазақ халқының қиын кезеңін өзгерту жолында аянбай күрескен, елінің қамы үшін талмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен, ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемеңгер тұлға – Ыбырай Алтынсарин
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 2 қарашада Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылып, атасының қолында өскен Ыбырай бала кезінен-ақ білімге, өз бетінше оқып үйренуге бейім болған.
Оқып жүріп көптеген ғалыммен жақын танысып, білген үстіне біле түссем деген ниетпен білім алды. Алған білімін халқының пайдасына асыруға талпынды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлы көбірек білу үшін көп еңбектенді. Өз бетінше көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның бұл ынтасы ағартушылыққа ауады.
Бірнеше жыл ұстаздық қызметте жүріп, тәрбиесі мен адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға ұмтылады. Орыстардың ағартушылық жүйесін, дарынын, еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Ұстаздықпен қоса, мектептерінің инспекторы болып тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде жаңа мектептер ашады.
Осыдан кейін ағартушы көптеген мектептер мен білім беру мекемелерін ашуды қолға алып, оны жүзеге асырады. Ыбырай көбінесе қазақ қыздарының білім алуына қатты көңіл бөлген. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алады. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен шектеліп қана қоймады. Ол сол мектептерде өзі де еңбек етіп, тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді.
Қазақта алғаш мектеп ашушы,
Қазақтың тұңғыш ағартушысы.
Өнер, білімге шақырған Ыбырай
Сол заманның кемеңгер көшбасшысы.
Өзін аштын жастарға деп мектепті,
Бойына сіңіруді ғылым менен білімді.
Мақсат етіп осыны өмір бойы,
Аянбай еңбек еттің қазаққа түсіндіруді.