Қоғам
Әр елдің тек өзіне тән ерекшеліктері болады. Оған тілі, діні, рәміздері, салт-дәстүрлері, заңдары жатады. Бүгінгі біздің қозғайтын тақырыбымыз – тіл мәселесі. Тіліміз – бізге сонау аталарымыздан барлық байлықтарымен бірге дарып келе жатқан ерекше сый. Оны әрі қарай сақтау, келер ұрпаққа мұра ету қазіргі жастар қолында
Тіл – әр халықты ажырата алуға қабілетті еңбек құралы. Ол аталардан мирас болып қалған, ана сүтімен бірге бойымызға дарыған ең басты құнды байлық. Менің ана тілім – қазақ тілі! Ол 1989 жылы «Тілдер заңы» бойынша заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі статусына ие болған. Тек 1993 жылы 28 қантарда ғана бұл статус ҚР жаңа Конституциясында тұрақталып бекітілді. Дегенмен, кейіннен 1997жылы жаңадан «Тілдер заңы» қабылданып, қазақ тілі ҚР Мемлекеттік тілі және қазақ халқының ұлттық тілі болып ҚР президентінің жарлығымен бекітілді.
Мен өз тіліммен мақтанамын! Ата – бабабымз сонау жылдан бері тіліміз бен қазақтығымызды сақтап қалу үшін қасық қаны тамғанша күрескен. Бізге дейін осыншама қасіретпен келген Ана тілімізді әрқашан да биікте самғатуымыз керек! Ж. Аймауытов « Ана тілі – халықтың айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегі!» деген. Сондықтан әрбір азаматтың жүрегінде өзінің ұлттық тіліне деген сүйіспеншілік сезімі болуы керек!
Қазақ тілі ең қиын тілдердің қатарына жатады. Бұл тілде сөйлеу де, дұрыс жаза білу де үлкен сауаттылықты қажет етеді. Ал біз – қазақ халқы сол тілге ие болған бақытты халықпыз! Туа сала қазақ тілінде анаңның сыңғырлаған үнін есту, "Құлыным, ботам" деп еркелеткен әжеңнің дауысын да естіген біз үшін үлкен қуаныш болу керек. Ең алғаш тіл дегенде менің есіме бірден Ахмет Байтұрсынұлы түседі. Себебі тап сол кісі біздің әліпбиімізді құраған алғашқы тұлға еді. Осыған орай қазіргі таңда 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін тілдер мерекесі етіп атап өтудеміз!
Өкінішке орай, бүгінгі күні тілімізді қорлап, өз тілі болса да, өзге тілде сөйлегенді мақтаныш көретін жастар да, үлкендер де жетерлік. Бірақ бұл туралы да аталарымыз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» десе, М. Әуезов «Өзінің ұлттық қасиетін, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» деген болатын. Шынында, өз тілін білмейтін, түсінбейтін қазақ нағыз қазақ емес! Себебі өзінің тілінің сұлулығын көре алмаған адам өзгенің тіліне қалайша баға бермек ?! Бұл мәселе патриотты қазақтың жанын ашытып, әлі күнге шешімін таппаған күрделі мәселе болып отыр. Сөз соңын өзімнің қысқаша өлең жолыммен аяқтасам деймін:
Өзге тілде сөйлегенше басқаның,
Өз тіліңді құрметтегін қазағым!
Қазақтықты сақтап қалған бүгінге
Қадірлей бер еңбегін де атаның!
Қазақ тілін ешқашан да ұмытпан!
Бар байлықтың сонда екенін ұлықтан!
Өзге тілде қонақ болмай қазағым,
Өз тіліңмен мақтана біл әрқашан!