Қоғам

Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр

Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған. Салт-дәстүр тәрбиенің бастамасы десем де артық болмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Әр халық өзінің тілімен, дінімен, атауымен және де салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Бүгінгі менің қозғайтын тақырыбым салт-дәстүр болмақ. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрлерін заңда жазылған ережедей сақтаған. Әр қадамында жасалу керек ырым-жоралғыларын өз ретімен орындап отырған.

Салт-дәстүр ұлттық тәрбиенің ұлы тіні десем де болады. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев та өзінің жолдауында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Жаңғыру атаулы тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс, керісінше дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу тиіс!» деп жазады. Дәстүрмен өзге ұлт басқаны тани алады. Ол ұлтқа рух беріп, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Салт-дәстүріміз ғасырлар бойы қалыптасып қалған құндылығы, әлеуметтік – мәдени мұрасы болып табылады. 

   Айтқандай, салт-дәстүр арқылы ұрпақ тәлім-тәрбие алып отырған. Оны қазіргі таңда да үйінде әжесі бар немесе әжелерінің тәрбиесін көрген салиқалы отбасылардан көре аламыз. Қарапайым күнде әкеміздің «Қой!» дегені, анамыздың «Қыз бала емессің бе» деген сөздері де терең мағынамен айтылады. Оны тыңдай білетін құлақ болса, әрбір сөз тәрбиеге келіп тиеді. Үлкендер бүгін мұны бізге үйретіп жатса, болашақта оны келер ұрпаққа насихаттау – біздің мойнымызда! Дәстүріміз болса, халық оң болады, дәстүр бұзылса, қоғамның тарихи даму сабақтастығы да бұзылады! Сондықтан да салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, есте сақтап, дұрыс жеткізе білу әрбір адамның қолында!