Bugin

Айдын Рахимбаев: Біз қаржы жымқырған жоқпыз!

Өтірік ақпараттың артындау біреу тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

BI Group холдингінің директоры Айдын Рахимбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі берген ақпаратты жоққа шығарды. Мұны ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Қазақстандық кәсіпкердің жазуынша, Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасын салу холдингке табыс әкелген жоқ.

"Алматы қаласындағы аурухананың салынуына байланысты біздің компаниямыздың құқықбұзушылық әрекетке бармағанын ресми түрде мәлімдеймін. Сондай-ақ, біздің холдингке құрылыстан табыс түспегенін, қаржы жымқыруға мүлдем қатысы жоғын айтқым келеді. Расталмаған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Оның артында біреулер тұр. Ертелі кеш пе, бұның барлығы кімге қажет болғанын да білетін боламыз. Әзірге осы, жақында толығырақ бөлісеміз", - деп жазды Айдын Рахимбаев.

Айта кеткен жөн, кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік аталмыш холдингке қарасты «Bi-Industrial» ЖШС директоры мен Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты мемлекет қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық іс ашылғанын хабарлаған. Агенттіктің ақпаратынша, аталмыш тұлғалар Алматы қаласында инфекциялық аурухана салуға бөлінген 5,5 млрд теңгенің 4 млрд теңгесін жымқырған.